Осы презентация Сорос Қазақстан Қоры «Құқықтық реформа» Бағдарламасының қолдауымен жасалған ауылдық аймақтардағы кәмелет жасқа толмаған қыз балаларды ерте және еріксіз некеден қорғау жобасы аясында жасөспірімдер арасында жүргізілген сауалнама нәтижелерімен таныстырады.
Бұл сауалнама осы саладағы проблемаларды анықтап, алғашқы қорытындылар жасауға мүмкіндік туғызды. Сауалнаманың нәтижелерін қыз балаларды дискриминация мен зорлықтың кез-келген түрінен қорғау және алдын алу мәселелері жөнінде мамандарды, жасөспірімдерді, сонымен қатар ауылдық аймақтардағы жергілікті бірлестік өкілдерін мәлімдеу бойынша әрекет стратегиясын жасау үшін қолдану жоспарлануда.
Тіркелген файлдар