29/10/2013
1937: Еске алу алаңы / Жоқтау – ұмыттырмау, қайта болдырмау.
23/10/2013
Кино – шындық айнасы: Оңтүстік Қазақстан облысында Ермек Тұрсыновтың «Шал» фильмінің көрсетілімі өтуде
18/11/2013

Қазақстанда 2015 жылдан бастап аналогтық хабар тарату тоқтатылады

АСТАНА, 2013 жылғы 29 қазан – «Цифрлық кезеңдегі телевидение: қазақстандық жағдай мен жаһандық тенденциялар» форумы аясында «Ашық қоғам» Қоры Сорос-Қазақстан қорымен әрекеттестікте өткізген «Цифрлық медиалар картасы: Қазақстан»/ «Mapping Digital Media: Kazakhstan» зерттеуінің тұсауы кесілді.

Қазақстан 2015 жылғы 17 маусымда әлемнің 119 елімен қатар цифрлық хабар тарату жүйесіне көшеді. Осы уақытқа дейін небәрі 18 ай қалса да, қазақстандықтардың басым бөлігі «цифрлық хабар таратуға өту» туралы аз біледі, не мүлдем ештеме білмейді.

«Технологиялық артықшылықтардан өзге, цифрлік таратуға көшу мемлекетке қосымша айтарлықтай табыс алып келуі мүмкін. Біздің пірімізше, өзінше «цифрлық дивиденд» болып табылатын бұл табыс көзіне өзге мемлекеттік қаржыға сынды қоғамдық мониторинг жүргізулуі тиіс», – дейді Сорос-Қазақстан қорының Басқарма төрағасы Антон Артемьев. «Бұл ретте цифрлік хабар тарату жүйесіне көшу еліміздің онсыз да жұтаң медиа-ландшафтын қысқарту арқылы жүргізілмеуі керек. Яғни,  тәуелсіз сарапшылармен бірнеше рет көтерілген телерадиохабар тарату жиілігінің тапшылық мәселесі шектеуші фактор болмауы тиіс. Қайта жиілікті дұрыс бөлу арқылы жаңа теларналарды ашуға көптеген техникалық мүмкіндіктер бар».

«Алайда, бүгінде сигналды кәдімгі антенна арқылы тосып отырған  әр екініші қазақстандық аналогтық хабар тарату тоқтатылғаннан кейін теледидар көру мүмкіндігінен айырылады. «Қазақстан үшін цифрлық хабар тарату жүйесіне көшу біріншіден, халықтың айтарлықтай бөлігінің қабылдағыштарды (ресиверлерді) сатып алуы керектігінен әрі екіншіден, қабылдағыштардың ең төменгі құны 9000 теңгені, яғни ең төмен жалақының жартысына тең болғандықтан айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық проблема тудыруы мүмкін» , – дейді Сорос-Қазақстан қорының «БАҚ-ты қолдау» бағдарламасының үйлестірушісі және «Цифрлық медиалар картасы: Қазақстан» зерттеуінің бірлескен авторы Дария Цыренжапова.

Бүгінде еліміздің халқын цифрлік хабар тарату жүйесіне көшу кезеңі мен барысы туралы ақпараттандыру бастапқы деңгейде болып отыр. Сорос-Қазақстан қоры USAID, «Интерньюс-Казахстан», Астанадағы ОБСЕ орталығы және ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы өкілдігімен бірлестікте қазақстандық телеарналардың цифрлық тарату жүйесіне өту процесін заңнамалық тұрғыда реттеу мәселелерін талқылауға одан ары қолдау көрсетуге даяр.

Ақпарат үшін:

Сорос-Қазақстан қоры (СҚҚ) – Үкіметтік емес ұйымдардың, билік органдарының және бизнестің арасындағы әріптестікті дамыту жолымен төзімді, белсенді қоғамға және жауапкершілігі мол, ашық үкіметке жету саласындағы қызметке қолдау көрсететін тәуелсіз қайырымдылық қоры. СҚҚ «Ашық қоғам» қорларының халықаралық жүйесінің бөлігі болып табылады. Толық ақпаратты қордың www.soros.kz сайтынан ала аласыздар.

«Mapping Digital Media» зерттеуі 2010 жылдан бері әлемнің 60 елінде өткізілді. Қазақстан үшін  «Mapping Digital Media» – жаңа ақпараттық технологиялар, БАҚ плюрализміне қатысты мүмкіндіктер мен шақырулар және азаматтардың толық және шынайы ақпаратқа қолжетімділігі контекстінде БАҚ-тың цифрленуі процесін саралауға деген алғашқы салмақты зерттеушілік қадамы.

Зерттеудің электрондық нұсқасымен Қор сайтынан келесі сілтемелер бойынша таныса аласыздар:

БАҚ назарына:

Қосымша ақпарат алу үшін СҚҚ-ның «БАҚ-ты қолдау» бағдарламасының үйлестірушісі Дария Цыренжаповаға +7 (727) 258 13 54, 8 777 779 7109 телефондары және akainazarova@soros.kz  электрондық мекенжай арқылы хабарласа аласыздар.