15/05/2018
Ирина Кошкина
15/05/2018

Аида Айдаркулова

Басқарма төрайымы

Аида Айдарқұлова – халықаралық қоғамдық құқық мәселелерінде маманданған з.ғ.к. Оның ғылыми қызығушылық саласына жалпы адам құқықтары мәселелері, атап айтқанда адамның репродуктивті құқықтары, сонымен қатар, әскери қақтығыстар құқығы жатады. Қазақстанның азаматтық секторында жалпы жұмыс өтілі 12 жылға тең. 2006-2009 жж Аида Астанадағы Құқықтық мониторинг, сараптау және талдау институтында ғылыми қызметкер болып жұмыс атқарды. Осы қызметте ол «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі», ҚР экология кодексіне, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы», әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс сынды бірқатар заң жобаларын ғылыми-құқықтық сараптамадан өткізу жұмыстарына қатысты. 2009 жылы Сорос-Қазақстан қорының «Құқықытық реформа» бағдарламасының директоры, 2012 жылы қордың Бағдарламалар директоры қызметіне тағайындалды.  2019 жылғы сәуірде СҚҚ Басқарма Төрайымы қызметіне тағайындалды.