27/06/2014
Менің ерекше құрбым
13/06/2014
Сандық қосымшаларды дайындау байқауының қорытындысы
11/07/2014

Максим мен Сананың хиқаялары

Немқұрайлылық неге адамдыққа жатпайды? Ойлану – ермек пе міндет пе? Баламалы пікірге құлақ аса аламыз ба? Осы және өзге сұрақтарға жауапты Сорос-Қазақстан қорының анимациялық фильмдерінің басты кейіпкерлері – Максим мен Сана іздейді.

 Алғашқы серия бірнеше ай бұрын қалың көпшілікке ұсынылды және көптеген көрерменнің көңілінен шыға білді. Бүгінде ғаламтордан барлық серияларын көре аласыздар. Фильм барысында біздің кейіпкерлер үлкен және кішкентай тосын оқиғаларға тап болып, олардан қарапайым, бірақ маңызды ақиқаттарды алып шығады.

«Анимация – үлкен танымалдыққа ие жанр. Осы ретте, дәл осы жанрды ашық қоғам құндылықтары туралы айту үшін қолдануды жөн көрдік», – дейді Антон Артемьев, СҚҚ Басқарма Төрағасы. «Біздің анимациялық фильмдер түрлі жастағы көрермендердің жүрегінен орын табады және Максим мен Сана олардың сүйікті кейіпкерлеріне айналады деген сенімдемін».

Фильм авторлары – танымал фрнацуз суретшісі Николя Журну мен қазақстандық аниматор Михаил Воробьев.

Максим мен Сананың шытырманға толы оқиғаларын келесі сілтемелер бойынша көре аласыздар:

  1. Ашық бол!
  2. Маған бәрібір емес
  3. Ойлану сәнді!