13/10/2011
Әлеуметтік осал топтардағы балалардың сапалы білімге қолжетімділігі
20/09/2011
Қарағанды аймағында қоғамдық жастар ұйымдарына Мемлекеттік қолдау көрсетудің тиімділігіне мониторинг жасау
19/10/2011

ҮЕҰ-дердің есеп берушілік мәселесіне орай, Оңтүстік Қазақстан облысының үш ҮЕҰ мысалында

2010 жылы Сорос – Қазақстан Қорының «Жастар бастамалары» бағдарламасының «Жас зерттеушілер» жобасы аясында Шымкент қаласының жас әлеуметтанушылары Малика Аташева мен Айнұр Нұртайдың «ҮЕҰ-дардың есеп берушілік мәселесіне орай, Оңтүстік Қазақстан облысының үш ҮЕҰ мысалында» тақырыбында зерттеу жүргізуіне қолдау көрсетілді.

Малика мен Айнұр өздерінің зерттеуі барысында ҮЕҰ-дардың бенефициарларға есеп берушілікті қалай жүзеге асыратындығын және донорларға есеп берушіліктің ҮЕҰ-дардың клиенттер мен бенефициарларға есеп берушілігіне қалай кедергі келтіретіндігін зерттеп білді. Зерттеу кейс-стади әдісімен жүргізілді. Есеп берушілік тұжырымдамасы ұйым кімге қызмет етеді, ол кім және не үшін құрылған, бұл ұйым неге әрекет ету құқығына ие деген сұрақтарға анық жауаптар берілуін көздейді. Зерттеудің қорытындылары бойынша ҮЕҰ мен донорлар үшін ұсынымдар жасалды.

 


Тіркелген файлдар