29/10/2020
Қазақстандағы адами капитал: «ақылды адамдардың көшуін» қалай тоқтатуға және білім беру жүйесін қалай ретке келтіруге болады?
13/10/2020
Сауле Каликова
Сәуле Каликова: Біз – ұлттық контекст және жергілікті жағдаймен берік байланыстағы қазақстандық ұйымбыз
15/11/2020

Қазақстанда Salemdeputat.kz сайт-жобасы іске қосылды

Басты мақсат – азаматтарға өз депутаттарына тікелей сұрақ қоюға мүмкіндік жасау. Жоба әзірлеушілері – «Zertteu Research Іnstitute» ҚҚ айтуынша сайт мәслихат немесе ҚР Парламент Мәжілісі депутатына электронды ашықхат жолдауға мүмкіндік береді. Мысалы, ашықхат көмегімен ауыл, аудан, қала немесе ел бюджеті бойынша сауалдар жолдауға болады!

«Zertteu Research Institute» ҚҚ аналитигі Алтынай Нұркееваның айтуынша: «Әр жылы күзде еліміздің мәслихаттары мен Парламентінде келесі жыл бюджетнің жобасы талқыланады. Байқауымша, азаматтар бюджет жобасын талқылау процесіне қатыстырылмайды. Кейде тіпті, азаматтар елдің, облыс, аудан, қала, ауыл бюджетін өзі сайлаған депутаттар бекітетінін білмейді де».

«Zertteu Research Institute» эксперті Ғалымжан Оразымбет: «Біз бар аймақтың мәслихатына депутаттардың электронды адресін беруін сұрап сұраныс жолдадық. Мәслихаттардың 70% сұраған ақпаратты берді. Қарағанды, Жамбыл және Батыс Қазақстанның облыстық мәслихаттары депутаттардың электронды адресін жеке мәліметтер қатарына кіреді деп, беруден бас тартты. Мәслихат депутаттарының сайлаушыларымен кері байланысқа қолданатын ашық, жұмыс поштасы болуы керек. Әсіресе, цифрлы заманда. Мысалы, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстары депутаттарының электронды поштасын мәслихат сайтына орналастырып, сайлаушыларға ашық, жақын болуын қамтамасыз еткен».

salemdeputat.kz сайтында ашықхат жолдау үшін төрт әрекет жасау жеткілікті – ашықхат таңдау, хат мәтінен жазу, тізімнен депутатты таңдау және жолдау. Хат депутаттың электронды поштасына түседі. Ашықхат жолдау – депутаттардың назарын сайлаушыларының мәселелеріне аудару үшін әлемде кең қолданылатын тәжірибе.

Жоба серіктестері – Құқықтық Медиа Орталық, Factchekk.kz, МИСК, Социум-Зерттеу стратегиялыө орталығы, Медианет және Сорос-Қазақстан Қоры.