10/03/2020
Атырау өңірінде масамен күреске бөлінетін қаржының тиімділігі
10/03/2020
«Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық даму істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы тәсілімен іске асырылатын жобаларды орындау барысының ашықтығы
11/03/2020

БҚО Ақжайық ауданында жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға бөлінген қаржының тиімділігі

Альфия Шамаева Сорос-Қазақстан қорының “Ашықтық және есептілік” бағдарламасының Open Budget Fellowship жобасының түлегі. Жоба барысында ол “БҚО Ақжайық ауданында жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға бөлінген қаржының тиімділігі” тақырыбында зерттеу жұмысын дайындады.

Мемлекетіміздің басты капиталы – адам десек, капиталдың осы түрінің сапалық құрамын арттыратын – экономикалық белсенді халық көлемі. 2017 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «29» желтоқсандағы №919 қаулысымен бекітілген «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» қабылданып, енгізілді. Бағдарламаның жұмыс жасап келе жатқанына үш жылға жуық уақыт болды, бірақ еңбек нарығындағы өзгерістер көңіл көншітпей отыр. Айта кетсек, Батыс Қазақстан облысы бойынша 2019 жылдың 1- тоқсанына жұмыссыздық деңгейі әлі де 4,9% құраса, Ақжайық ауданындағы жұмыссыздық деңгейі 4,3% құрап отыр. Осы зерттеу жұмысы арқылы облыстың аталған ауданындағы еңбек нарығымен, күн тәртібіндегі өзекті мәселе болып отырған жұмыссыздық мәселесімен тереңінен танысып, қазіргі таңдағы жағдайға сараптама жасап, мәселенің себебін анықтап, оны шешу жолдары бойынша ұсыныстар жасақтау жоспарланған.

Жұмыстың толық нұсқасымен төмендегі сілтеме арқылы танысуға болады.


Прикрепленные файлы