Киберкеңістіктегі қауіпсіздік ұғымына қатысты (бұрыс) түсінігімізді дереу өзгерту керек
Бүгінгі күнге дейін қанша тырыссақ та, киберкеңістіктегі қауіпсіздік мәселесі даулы тұжырым болып отыр. Кейбір мемлекеттер әлі күнге дейін киберкеңістіктегі қауіпсіздік туралы заңдар қабылдауда. Сондағысы бізді бақылаудағы өкілеттіліктерін кеңейткенін ақтап алғысы келеді. Киберкеңістегі қауіпсіздік пен қылмыс әртүрлі ұғым екеніне қарамастан, бұл ұғымдардың түсініксіздігі және қылмыстық заңнаманың кең қолданылуы заңды іс-әрекеттердің өзін қылмыс деп тануға итермелейді.
Мұның бәрі сарапшылар, құқық қорғаушылар және дүниежүзіндегі басқа да мүдделі тараптар үшін күрделі мәселеге айналған. Әсіресе шешім қабылдайтын тарап қауіпсіздіктің анықтамасына қатысты бұлыңғыр түсінік жолында қалып, негізгі бостандықтарымызды құрбандыққа шалып жіберсе, аталған мәселелердің кейбірі қауіпсіздік пен құпиялылықтың өзара қарым-қатынасына да кесірін тигізеді ғой. Міне, осыдан келіп маңызды сұрақ туындайды, біз кімді әлде нені қорғаштаймыз: Мемлекетті ме? Экономиканы ма?
Дүниежүзі мемлекеттерінде олқылықтардың орнын толтыру
Privacy International-да біз ұзақ уақыт бойы мынадай мәселелерді қорғап, істерді ресімдеген едік.
Бізді ерекше алаңдататын сауалдар: кімді және нені қорғау керек? Әсіресе қауіп-қатерге көп ұрынатын мына қос орта: мигранттар немесе ЛГБТ топтарына бағытталған шабуылдарды қалай азайтамыз? Осы аудиторияға қатысты түрлі қосымшалардың құпиялылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге келгенде, бақылау әдісіне көп ұрынатын оларды қалай қорғаймыз?
Жеке өмірге қатысты сіздің құқығыңызға үкімет ықпал етпек болған жағдайда ұдайы қатаң тәртіп қолданылуы және кепілдік беруі қажет. Сөзіміздің басында айтып өткеніміздей, киберкеңістіктегі қауіпсіздік дегеніміз жеке тұлғалардың, желінің, құрылғылардың қауіпсіздігі. Сонымен бірге қауіпсіздік пен құпиялылықтың біртұтас болғаны жөн, оған қоса біреуін екіншісінен биік қойып немесе екеуінің бірін ғана таңдауға да болмайды.
Халықаралық әріптестер үшін бұл да маңызды міндет болып отыр. Африкадағы киберкеңістіктегі қауіпсіздік туралы үкіметтің қауіпті ақпараттық-идеологиялық қондырғыларына қарсы Латын Америкадағы адам құқығы мен киберкеңістіктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуді «тамаша үйлестіруі» үшін Privacy International желісі шаралар қабылдап жүр.
Дегенмен де жұмыс жалғасуда. Осы жылы біздің әріптестеріміздің қызметі қауіпсіздік пен құпиялылықтың қарым-қатынасына, оған қоса киберкеңістіктегі қауіпсіздік пен құпиялылықтың мәселелеріне қатысты саясаткерлердің жұмыс қабілетін жақсартуға бағытталды.
Перулік Hiperderecho-дегі біздің әріптестеріміз «Seguridad es Privacidad» (Қауіпсіздік дегеніміз – құпиялылық) деген тақырыпта мақалалар легін жазды. Бұл мақалаларда перулік заңнама қауіпсіздік үшін жеке өмірге қол тигізбеу құқығын қалай жиі бұзатынын, оның ішінде 1995 жылдан, яғни 25 жыл бұрын басталған оқиғалардың тізімін суреттейді.
Қаптаған домендерді перулік жүйенің мұқият қадағалауын айтпаған күннің өзінде, Hiperderecho-ның әдісі тура әрі дәл: бізге құпиялылық пен қауіпсіздікті «теңгерудің» қажеті жоқ; қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін көп жағдайда құпиялылықты сақтау мемлекеттік саясат болуға тиіс екенін түсінуіміз қажет. Бұл, Hiperderecho-ның атқарушы директоры Мигель Морачимоның жазған мақаласындағы ойға сәйкес келеді: «Барлығы үшін құпиялылық дегеніміз – қауіпсіздікке жету үшін мемлекеттік дұрыс саясаттың қалыптасуы. Қауіпсіз әрі санкцияланбаған технологиялардан қорғалғанда, анық ережелері мен шектеулері түзілгенде, қажеттіліктің қатаң критерийлері мен өлшемдеріне сай болғанда ғана біз өзімізді қауіпсізбіз дей аламыз».
Кенияның Стратмор университетіндегі Ақпараттық технологиялар және интеллектуалды меншік құқығы орталығының (CIPIT) қызметкерлері, біздің әріптестеріміз Кениядағы заңнамалық актілерді талдап-түсіндіру үшін сауалнама парағының көмегімен практикалық әдістерді қолдануды, оған қоса саясаткерлерді тікелей назарға алуды дұрыс деп тапқан екен. Нұсқаулықтың мақсаты: дүниежүзіндегі жедел және кері заңнамалық процестердің ағымдағы тенденцияларын қарастыру. Бұл шешім қабылдайтын тұлғалардың ақпараттық кеңістіктегі қауіпсіздік пен құпиялылық туралы халықаралық стандарттарын қазіргі заманның білімімен ұштастыра танысуына көмектеседі.
CIPIT-тің басқаруындағы ерекше бір мәселе мынадай: өзге құқықтармен салыстырғанда қандай да бір мәселе (біздің мысалымызда қауіпсізідк) қандай да бір басымдыққа ие болуға тиіс, мұндай жағдайда нақты бір жетістікке жетпей-ақ немесе келісімге келместен бұрын, түрлі құқықтар мен сауалдардың шешіміне қатысты нақты әдістерді ұсынады. Кей-кейде заңды құқықтарды анықтамастан, осы саладағы нормативті актілерді әзірлейтін қажетті өзге элементтерді бұрыс қолданудың алдын алу үшін және сақтандыру шаралары мен бекітілген мақсаттарға жету жолында барлық іс-шара ортақ ережелер негізінде жүзеге асады.
Индонезиядағы әріптестеріміз – ELSAM адам құқығы мен киберкеңістіктегі қауіпсіздікке байланысты мәселелерді анықтау мен көрсетуге арналған нұсқаулықты жасақтады. Бұл нұсқаулық мемлекеттегі киберқауіпсіздік саласындағы нормативті жағдайларды құқықтық және техникалық тұрғыдан реттеуге көмектеседі.
Осы тақырыпқа қатысты қазіргі ұлттық жүйесін және саяси бағытарын, заңнамасын, озық іс-тәжірибесін сараптаған соң ELSAM киберкеңістіктегі қауіпсіздікке қатысты ұлттық жүйені жасақтауда үкімет ескеруге тиіс бірқатар элементтерді анықтады. Олар: саясатты дайындаудағы концепцияны анықтау мен реттеу; негізгі инфрақұрылымға бағытталған басымдықты анықтау мен көрсету; қақтығыстың салдарын жоюға арналған іс-шаралардың жоспарын жасау және қауіпті бағалаумен, қақтығысты жоюмен айналысатын топты құру.
ELSAM-ның есебіне сай мына жағдайлар да дәлелденді: біріншіден, Уганда, Тайланд, Пәкстан, Вьетнам және Египет секілді бірқатар елдерде белсенділер, журналистер және өзге де құқыққорғаушыларға қарсы киберкеңістіктегі қылмысқа қатысты заңдарды бұрыс қолданған. Екіншіден, әр түрлі мемлекеттердің арасындағы киберкеңістіктегі қауіпсіздік туралы түсінікте келісілген нақты бір ұғым жоқ. Мақаламыздың басында атап өткендей, киберкеңістіктегі қауіпсіздік мәселесі әлі күнге кең талқыланатын тақырып болып отыр.
Ары қарай не болады?
Сөзіміздің жалғастыру үшін бұл процестегі адамның рөлін жан-жақты қарастырып көру керек және бұл қарастыру кешіккен ойдың шешімі есебінде емес, киберкеңістіктегі қауіпсіздік саясатының маңызды элементі ретінде көрінгені абзал. Адам құқығын қамтамасыз етуге қатысты ортақ талаптардан өзге, қорғаудың осы бір құралдары қандай болуға тиіс екенін анықтап, олардың өздері құраған құрылым мен оның жалпы тәртібіне сәйкес тәжірибе мен барлық ішкі ережесіне сай қалыптастырған дұрыс болады.
Киберкеңістіктегі қылмысқа қатысты, қадағалаудың өкілеттілігін кеңейтуден бас тартудан басқа, одан да маңызды бірқатар мәселелер бар. Міне, осы мәселелерді шешу өзекті болып тұр. Ол мәселелерді атап өту үшін мына сауалдарды қарастырайық: Бұл мәселелерді қалай түсіндіруге, талдауға болады? Ол қылмыстың қандай түрін қамтуы керек еді? Адам құқығына сәйкес Будапешт конвенциясына қалай осы істе пайдаланамыз?
Әдетте, күллі әлемді шарпыған пікірталастың соңына жетпейсіз. Киберқауіпсіздіктің мәселелерін талқылайтын форумдар өтіп, бағдарламалар шығып жатыр. Мәселен, халықаралық ұйымдарда, аса мәртебелі корпоративті орталарда, стандарттау органдары мен ұлттық үкіметтерде және осы іспетті үлкен орталықтарда бұл тақырыпты ешкім айналып өтпейді. Мәселелерді жоғары деңгейде шешетін сарапшылардың, комиссиялардың түрлі топтары форумдар мен іс-шараларда киберқауіпсіздікке қатысты мәселелерді талқылап жүр. Жағдай күннен-күнге күрделеніп келеді.
Мысалы, осыдан бес жыл бұрын киберқауіпсіздікке қатысты өзекті тақырып есебінде жалған ақпарат пен мәліметтерді пайдалануды басты қару етіп алмайтын. Қазіргі таңда киберқауіпсіздік саласындағы саяси шаралар мен заңдардың көпшілігі біздің негізгі құқығымызға алапат қауіп төндіретін жағдайларға итермелейтін әртүрлі мәселелерді көптеп қамтитын болған.
Тәуелсіз журналистиканы немесе техникалық зерттеулерді қылмыстық қызметке итермелегенше, киберкеңістіктегі қауіпсіздік қатерінің алдын алуымыз және оны түсінуіміз керек. Біз адамдардың еңсесін түсіргенше, оларға көмектесетін технологияларды, құқықтық саясатты жетілдірейік. Ұлттық қауіпсіздікке қатысты нақтыланбаған долбарды тықпалағанша, адамдар мен олардың құқығын осындай пікірталастардың өзегіне айналдырайық.