Тарихтағы әумесерлік кезең ретінде АҚШ-тың азаматтық соғысынан кейінгі жүз жылдай уақытты айтуға болады, ол кезде энергетика, электрлендіру, телекоммуникация және көлік секторларындағы серпілістер қоғамдарды түбегейлі өзгертті. Оның барысында адам өмірі айтарлықтай нәтижелі, жемісті болды, өмір сүру ұзақтығы күрт өсті. Әлемдік халық саны 1800 және 1900 жылдар арасында 50 пайыздан астам өсті, ал содан кейінгі 50 жыл ішінде екі есе артты және экономикасы алдыңғы ғасырларға қарағанда әлдеқайда жылдам өсті.
1970 жылдың соңына қарай, көптеген дамыған батыс экономикаларының дамуы баяулана бастады, және АҚШ президенті Рональд Рейган мен Федералдық резерв жүйесінің басшысы Алан Гринспен әрекеттерді асырып, борыштық циклді ашты, Бұған дейін әлемге таза кредитор болып келген АҚШ енді таза қарыз алушы болды және Американың өскелең сауда тапшылығынан басқа дамушы нарықтар мен Қытай пайда таба бастады. Қаржылық тұтқа жаһандық өсуді тағы 30 жыл бойы алға итеріп келді.
2008 жылдағы жаһандық дағдарыс қаржы инжинирингі дәуірін күрт тоқтатты. Бірақ саясаткерлер баяу дамуды көргісі келмеді, ал орталық банкирлер жеткіліксіз сұранысқа қарамастан экономикалық белсенділікті ынталандыруға тырысып, қолдана алатын барлық құралдарын тауысты. Дәстүрлі тиянақталған табысты активтерден аз пайда таба бастаған инвесторлар өтімсіз активтерге белсене қаржы сала бастады және олардың бағасы тез өсті; байлардың байлығы артып, ал орта класс одан әрі артта қалды. Іс жүзінде экономиканың тоқырауы жалғасып, ашулы популизм артып, оның нәтижесінде Brexit және жаңадан сайланған Президент — Трамп орын алды.
Орталық банкирлер экономикалық өсуді жандандыру үшін қандай әрекеттер жасағанымен, демографиялық және инновациялар күштері оларға қарсы болды. Дамыған экономикалардың қартая бастаған халқы әлеуметтік кепілдікке көбірек көңіл бөле бастады. Сондай-ақ, Қытай да қартаюда. Бүгінгі (және болашақ) демографиялық өсу Африкада орын алады, ал ол ғаламдық өнімділікті басқа жерлердегідей дәрежеде арттыруда емес.
Сонымен қатар, ағымдағы технологиялық инновациялар толқыны барлық қайықтарды көтермей тұр. Uber және Amazon және одан түбегейлі, робототехника, өмір ыңғайлылығын арттырса да, олар оны жұмысшы класс жұмыс орындарын алып және / немесе еңбекақыларды төмен түсіру арқылы жүзеге асыруда.
Бұл белгілі Йозеф Шумпетер капиталистік экономикалардың дамуының қызметшісі ретінде сипаттаған «шығармашылық қирату» процесіне тән. Серпінді инновациялардың бірінші толқыны негізінен тек бірнеше кәсіпкерлерге пайдасын тигізеді. Содан кейін ауыстыру толқыны келеді, себебі технология қолданыстағы өндірістерге бейімделеді. Үш онжылдық бұрын, Wal-Mart шағын «отбасылық» дүкендердің көзін құрту үшін компьютерлерді және логистиканы пайдаланған, ал бүгін болса Amazon Wal-Mart-тың орнын басып келеді.
Үшінші толқын — инновациялардың жалпы өнімділік пен өмір сүру деңгейін көтеретін жолдармен болатын кеңінен таралған сіңісуі. Бұл әлдеқайда көп уақыт алады. Немесе, Нобель сыйлығының лауреаты, экономист Роберт Солоудың 1987 жылы байқағаныдай «Сіз басқа барлық жерде ғана емес, өнімділік статистикасында компьютер дәуірін байқай аласыз.»
Солтүстік-Батыс университетіндегі Роберт Гордонның пікірі бойынша, бүгінгі инновациялардың экономикалық әсері сужеткізу желісі немесе электр энергияның әсерімен салыстыруға да келмейді.
Мүмкін, біз Шумпетердің инновациялар (бірнеше адамды ғана байыту) және қирату (әлсіз секторларда алаңдаушылық тұдырту) циклінің бастапқы сатысында шығармыз. Сайып келгенде, серпінді технологиялар өсу мен дамудың жаңа түрлерін іске қосқанда, орташа өнімділік және нақты ақшалай табысқа пайдасы тиеді.
Мәселе, ол робототехника және басқалардың, барлық қайықты көтеретін кеңірек өскелең толқын тудыруы үшін тағы да он жыл немесе одан да ұзағырақ уақыт керектігінде . Ал Шумпетер немесе Гордонның пікірлерінің хақтығы өмір сүру жағдайы төмендеген ашулы сайлаушылармен беттескен саясаткерлер үшін маңызды емес. Бүгінде олардың әбден тойған сайлаушылары жаһандануды қабылдамай тұрса, ертең олардың Луддиттерге айналуы да мүмкін.
Ендігі мәселе дәстүрлі емес ақша-несие саясаттан Кейнсшіл сұраныс басқаруына ауысу қиын жағдайдан шығаратын жол болуында. Ақша-несие саясаты АҚШ пен Еуропада жарату, шығын жасау күші болып саналады, және оның орнына, мәселен, салықты қысқарту және инфрақұрылымдық қаражат жұмсау арқылы фискалдық ынталандыру және кеңейту керек деп болжанады. Бірақ бұл ұзақ мерзімді фискалдық стратегияларды қолдай алатын тұрақты саяси жүйені талап етеді. Еуропада орын алған соңғы оқиғалар мұндай стратегияларды жүзеге асыру қиын болатынын растайды.
АҚШ-та Трамп жеңісі, Конгрестің екі палатасында да республикашылдардың көптігімен қоса, салық қысқарту және қорғанысқа арналған шығындардың өсуінің орын алуына жол ашты. Экономикалық белсенділіктің ұлғаюына да уақыт келді. Бірақ фискалдық кеңейту, ақша-кредит саясатынан қарсылық көруі мүмкін, себебі ФРЖ пайыздық мөлшерлемелерді «қалпына келтіруін» қайта жалғастырады.
Дегенмен, АҚШ-тың тез дамуы мен өскелең жалақы сайлаушылардың популистік бүлігін баса алады деген үміт бар. Тағдыр тәлкегімен, басты ауыртпалық ФРЖ-нің «дұрыс іс жасауына» қалады, яғни ЖІӨ-де еңбек табысының үлесінің өсуіне мүмкіндік бере отырып, бұл инфляцияның біраз асқынуын талап етсе де, аса сақтықпен пайыздық мөлшерлемелерді «қалпына келтіру».
Дилан Томас айтқандай, біз, нарыққа сенушілер, популистік түнмен жайлап жамылмауымыз керек. Біз жинай алған барлық құралдарды қолданып, өшіп бара жатқан жаһандық капитализмнің жарығын сөндірмеу үшін күресуіміз қажет. Бүгінгі таңдағы баяулаған даму мен саяси кері соққы «жаңа норма» емес. Қайта, бұл соңғы рет 1930 жылы орын алған «ескі нормаға» оралу. Жаһандық экономика үшін алға апаратын оң жол қандай болса да, біз, оның сол дәуірдің изоляционизм және протекционизміне қайта оралу емес екенін білеміз.
Автор туралы: Александр Фридман — GAM-ның бас атқарушы директоры. Ол сондай-ақ, UBS-те жаһандық инвестициялар жөніндегі директоры, Билл және Мелинда Гейтс қорының бас қаржы директоры болып қызмет атқарды, сондай-ақ Клинтонның басқаруы кезінде Ақ үйде White House fellow стипендиялық тағылымдамасынан өтті.
Copyright Project Syndicate© Материалды көшіріп басуға авторлық құқық иеcі тиым салған.
Материал алғаш рет 7kun.kz сайтында жарияланды.