Қоғамдық саясат мәселелері жөніндегі кеңесші
Кәсіби қызметінің әр жылдарда Ы.Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдары ҒЗИ-ның ғылыми қызметкері (1978-1991); ҚР Білім және Ғылым министрлігінің білім беруді дамыту стратегиясы департаментінің бас маманы (1991-1993), ҚР Парламентінде білім беру бойынша комитетінің кеңесшісі (1993-1995) қызметтерін атқарды. ҚР Үкіметіне білім беру секторын реформалау саласында тенхникалық қолдау көрсеткен халықаралық және донорлық ұйымдардың (АБР, ВБ, ПРООН, ЮНЕСКО) жобаларында ұлттық сарапшы ретінде кеңес беру бойынша айтарлықтай тәжірибиесі бар.
ҚР Үкіметіне бағытталған сараптамалық құжаттар мен ұсыныстардың авторы/бірлескен авторы, сондай-ақ, ҚР білім беру саясатының түрлі аспектілерін саралауға арналған бірқатар туындылардың авторы.
Сорос-Қазақстан қорында 1995 жылдан бері білім беру бағдарламасының үйлестірушісі (1995-1997), білім беру бағдарламасының директоры (1998-2003), білім берусаясатын саралау орталығының директоры (2003-2008), білім беру мәселелері жөніндегі кеңесші (2009-2013) қызметтерін атқарды. Бүгінде қоғамдық саясат мәселелері жөніндегі кеңесші қызметін атқарады.