«Менің қызметім қоғамдық жұмыс болып табылады. Мүмкіндіктері шектеулі жандардың мүдделерін және құқықтарын қорғау мәселесімен айналысамын. Осы мәселелер аясында жағдайды жақсарту үшін бірталай жұмыстар жүргізілуде. Алайда, ол жеткіліксіз және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың қоғам өмірінде толыққанды қатысуы үшін алда көп жұмыс жасау қажет. ҮЕҰ-дағы әріптестеріммен бірлесе отырып, барлық әлеуметтік қажеттілікке қолжетімді және кедергісіз ортасы бар инклюзивті қоғамды дамытуға атсалысамыз. Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі бірлескен жұмысымыз табысты болады деп сенемін», – дейді Вениамин Алаев.
Вениамин Алаев, СҚҚ-ның қолдауымен мүмкіндігі шектеулі жандардың еңбек құқығы жөніндегі жобаны жүзеге асырады. Жоба аясында ол мүгедектіктің әртүрлі түрлеріне қарай жұмысқа орналасу жөнінде үлгілерді әзірлеп, өз ұсыныстарын ҚР Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитет мүшелеріне ұсынды. Коммерциялық ұйымдармен оқыту тренингтарын өткізіп, нәтижесінде ерекше қажеттілігі бар 5 адамды жұмысқа орналастырды.
Вениамина Алаевтың қатысуымен жасалған роликты мына жерден көре аласыздар.