30/06/2017
Бюджет ашықтығы бойынша жобаның қорытындысы
11/05/2017
Вениамин Алаев Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды
04/07/2017

«Жаңа азаматтық бастамалар» бағдарламасы байқауының қорытындысы

Сорос-Қазақстан қорының «Жаңа азаматтық бастамалар» бағдарламасының мақсаты түрлі азаматтық қоғам өкілдері арасында ой еркіндігін қорғау, азаматтық қатысуды дамыту, кемсітпеу мен инклюзия қағидаларын жылжыту үшін ынтымақтастықтың жаңа түрлерін қолдау болып табылады.

Біз байқау нәтижесінде қоғамдық маңызға ие мәселелерді шешуге және Қазақстанда азаматтық кеңістікті (civic space) кеңейтуге септігін тигізетін жобаларды аламыз деп күткен болатынбыз. Байқау нәтижесінде 50-ге жуық өтінім қабылдадық. Бағдарламаның сарапшылар комитетімен 2 жеңімпаз анықталды. Олар:

  • «Қаланың азаматтық кеңістігі: әлеуметтік дамудың баламалы стратегиясы» жобасы ( сұраным № 24536). Өтінім беруші: «ТРИНТА» ЖФ, Өскемен қаласы. Бюджеті – 3 440 000 теңге;
  • Өтінім берушінің емес, ауыл қоғамдастығы анықтаған мәселелерді өзгерту шартымен  «Ауылдағы жаңа азаматтық бастамалар» жобасы. Өтінім беруші: «АҚБҰЛАҚ» ҚҚ, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы. Бюджеті – 2 605 000 теңге.

Байқау нәтижесінде түскен өтінімдердің 80 % байқаудың талаптарына сәйкес келмегендіктен,байқау ағымдағы жылдың күзінде қайта жарияланады. Осы ретте, біз басты талаптарға, сонымен қатар өтінім берушілерде жиі кездесетін қателіктерге түсініктеме бергіміз келеді:

1)      Байқаудың талабы сіздің ұйымның қызметіне немесе оның кеңейтілуіне қолдау болып табылмайды. Байқауға қатысуға бұрын соңды жүзеге асырылмаған пилоттық жобалар шақырылады.

2)      Инновациялық жобаларды күткенде біз олардың тек техникалық жақтарын ғана есепке алмаймыз. Жоба аясында сайттарды, қосымшаларды ашу орын алуы мүмкін, алайда олар жобаның мақсаты болмауы тиіс. Инновация деп біз жобаның сапалы өсуін қамтамасыз ететін жаңашылдықтың болуы деп түсінеміз. Бұл – жаңа немесе анағұрлым жақсартылған үдеріс, жаңа әдіс, тәжірибе болуы ықтимал.

3)      Байқаудың мәнмәтініндегі инклюзия деп мүгедек адамдардың белсенді қоғамдық өмірге шынайы араласу үдерісін емес, кеңірек, әр адамға қоғамдық өмірге тең құқылы қатысуына мүмкіндік беретін нақты шешімдерді жасау және қолдануды жүзеге асыру болып табылады. Қоғамдық саясатты және басқа да үдерістерді қалыптастыру және жүргізу, жалпы шешімдерді қабылдау үдерісінде азаматтарды және қызығушылық танытқан тараптарды тарту.

4)      Байқау азаматтық қоғам/кеңістік қатысушылары арасындағы тікелей байланысты дамытуға және қолдауға бағытталған. Әлеуметтік мәселелерді шешу үдерісінде адамдардың қажеттіліктерінен бастау ала отырып, әрекет ететін қоғамдастықтарға немесе жаңа қоғамдастықтарды құруға бағытталған.

5)      Байқаудағы ең маңыздысы болып қатысушылардың саны көп СЕРІКТЕСТІКТІҢ болуы, сонымен қатар, серіктестер арасындағы өзара қарым-қатынас жүйесі мынандай болуы тиіс: барлық қатысушылар жалпыға ортақ мақсатқа жетуге немесе белгілі талапты орындауға келіседі. Сондай-ақ, жауапкершілікті, тәуекелді, ресурстарды және т.б. бөлісуге дайын.

Сорос-Қазақстан қоры байқаудың барлық қатысушыларына алғыс білдіреді және болашақ байқауларда жаңа идея және жобалармен қайта қауышуға үміттенеді!