05/08/2016
Анны Александрова атындағы гранттық байқаудың қорытындысы
29/04/2016
«Адам құқығын қорғауда жаңа әдістерді пайдалану» байқауының қорытындысы
21/09/2016

Project Syndicate материалдары енді Қазақстанда жарияланатын болады

Сорос-Қазақстан қорының қолдауы арқасында бірқатар қазақстандық БАҚ Project Syndicateавторларының қандай да бір тақырып аясындағы мақалалары мен пікірлерін Қазақстанда жариялауға эксклюзивтік құқық алады.

Бұл ретте, орыс тілінде жарияланатын материалдар санының артуымен қатар, алғаш рет материалдардың бір бөлігі қазақ тіліне аударылады. Project Syndicate-пен таңдалып алынған қазақстандық БАҚ тегін негізде маңызды қоғамдық-саяси тақырыптар аясындағы жеке бірегей контентке қол жеткізеді.

Project Syndicate және Сорос-Қазақстан қорының серіктестігі қазақстандық оқырмандарға әлем күн тәртібінде тұрған мәселелер бойынша пікірлер мен көзқарастарды жеткізуге бөгет болып келген қаржылық және тілдік кедергілерді жоюға бағытталған. Project Syndicate материалдарын тарату экономика, экология, жаңа технологиялар, адам құқықтарын қорғау, инновация және өзге салалардағы үрдістер сынды қоғам үшін маңызды тақырыптар шеңберінде пікірталастарды ынталандыру болып табылады.

Project Syndicate (www.project-syndicate.org) – миссиясы маңызды ғаламдық тақырыптар бойынша тың, жоғары сапалы пікірлерді дайындап, жариялау болып табылатын үкіметтік емес ұйым. Project Syndicate авторлары болып белді әлемдік саясаткерлер, ғалымдар, зерттеушілер, қоғам қайраткерлері және әйгілі бизнесмендер табылады. Олардың ішінде 45 Нобель сыйлығының иегерлері және 111 ел басшылары бар. Қор материалдары шамамен әлемнің 150-ден астам елінде 500-ге жуық БАҚ-та жарияланып тұрады.