29/04/2016
Деинституализация жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған «Баршаға ашық қоғам» бастамасы байқауының қорытындысы
15/03/2016
Project Syndicate материалдары енді Қазақстанда жарияланатын болады
05/08/2016

Анны Александрова атындағы гранттық байқаудың қорытындысы

Сорос-Қазақстан қоры «Адам құқықтары» бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың наурыз айында Сорос-Қазақстан қорының бұрынғы басқарма төрайымы болған Анна Александрова атындағы грантқа байқау өткізген болатын.

Анна Александрова (1976-2011) өз өмірін әлеуметтік әділеттік қағидаларын жылжыту және адам құқықтарын қорғау саласына арнады.

2016 жылдың 1 мамырында Анна көзі тірі болғанда 40 жасқа толар еді.

Аталмыш жыл сайынғы байқау Қордың Қамқоршылар Кеңесімен Аннаның құрметіне осал топтағы тұрғындардың құқын қорғауға бағытталған азаматтық бастамаларды қолдау мақсатында тағайындалды.

Ағымдағы жылы байқауға 43 сұраным келіп түсті. Олардың ішінен Қордың Қамқоршылар Кеңесі екі сұранымды мақұлдады:

  • Ақтөбе облысындағы «Қазақстанның отбасылық дәрігерлері қауымдастығы» ҚБ бөлімшесінің «Әр адам паллиативтік көмек туралы не білуі керек?» жобасы. Жоба тұрғындар мен медициналық қызметкерлерді паллиативтік көмек көрсетудің әдіс-тәсілдерімен және емделушілердің құқықтарын таныстыруға бағытталған.
  • «Жігер» мүмкіндігі шектеулі адамдардың жастар ұйымы» ҚБ-нің «Қолжетімді әлеуметтік инфрақұрылым – зағип жандардың тәуелсіз өмірге қадамы» жобасы. Жобаның мақсаты Алматы қаласындағы зағип және нашар көретін азаматтарға дыбыстық және дене арқылы сезінетін құрылғыларды енгізу және мақсаттық топтар үшін инфрақұрылымның қолжетімділігі туралы тренингтерді өткізу арқылы олардың әлеуметтік инфрақұрылымға қолжетімділігі құқын қорғау болып табылады.