Екі жылда бір рет Еуропа мемлекеттерінің бірінде өткізілетін конгрестің ұйымдастырушысы болып паллиативтік көмек көрсетудің Еуропалық қауымдастығы саналады. Паллиативтік көмек көрсетудің Еуропалық қауымдастығы – мәліметтерді ұсыну, кәсіби ынтымақтастықтарды қолдау, ғылыми-зерттеулерді, оқытуларды және әлеуметтік іс-шараларды өткізу арқылы Еуропа мемлекеттеріндегі паллиативтік көмек көрсетудің сапасын арттыруды қолдайтын Еуропаның ең ірі халықаралық коммерциялық емес бірлестігі.
ПКЕҚ 2015 ұраны – «Қарым-қатынас көпірін орнату» – адамдарды, идеяларды және мақсаттарды біріктірген конгерестің үлкен метафорасына айналды. Бұл ұран зерттеу саласындағы ынтымақтастық, жаһандық іс-қимыл жасау үшін бірлескен бағдарламаларды дамыту, соңғы конгресс кезінде қабылданған Прагалық хартияны жылжыту жобаларына қатысты талқылау векторының тетігін қозғады. 2013 жылғы Хартия бұл – паллиативтік көмек алу құқықтарын қамтамасыз етіп, адамдардың азабын жеңілдету керек деген ұранмен, мемлекет басшыларына бағытталған петиция. Қазірдің өзінде 7500-нан астам адам петицияға қол қойды және онлайн қолтаңба жинау жалғасуда.
Қазіргі конгресс бағдарламасы паллиативтік көмек көрсету саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген әлемнің жетекші сарапшыларының және жас оқымыстыларының, клиницистер мен озық өнімдерді дамытушылардың, діни қызметшілердің, мемлекетттік қызметкерлердің, тәжірибелі ұстаздар мен мейірбикелердің, психологтардың және әлеуметтік қызметкерлердің қатысуымен өтті. Емделушілерге және олардың отбасыларына көрсетілетін қамқорлықты арттыру бойынша конгресс жаңа идеялардың итермелеушісі болғаны сөзсіз.
Конгрестің ғылыми бағдарламасында 1200-ден астам жоғары сапалы тезистер таныстырылды, осы жайт паллиативтік көмек көрсету саласында жүргізілетін конференция үшін өзіндік бір рекорд болды. Бірнеше постер ПКЕҚ арнайы жүлдесіне ие болды. Заманауи паллиативтік көмек дәлелденген және тексерілген әдістер мен препараттарға, тұрақты зерттеулер жүргізуге, білімді тудыруға және таратуға, жаңалықтарды ендіруге, денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек көрсету саласында күту дағдыларын дамытуға және тиісті саясатты ұстануға негізделуі тиіс.
Көрмеде ауруды бәсеңдетудің, симптоматикалық және ісікке қарсы емдеудің жанама әсерлерін жоюдың жаңа препараттары мен паллиативтік науқастардың үйдегі және ауруханадағы күтімін жеңілдету үшін әр түрлі құралдар мен аппараттар ұсынылды. Сонымен қатар Данияның және басқа мемлекеттердің паллиативтік көмек көрсету ұйымдарының оқу әдебиеті және білім беру стендтері қойылды.
Небәрі 20 жылда ел ішінде кешенді және тиімді паллиативтік көмек көрсету жүйесін құруға болатындығын дәлелдеген Данияның паллиативтік көмек көрсету жүйесі үлкен қызығушылық тудырады. Алғашқы хоспис пен үй жағдайында көмек көрсететін бригадалар Данияда 90-шы жылдардың басында пайда болды. Қазіргі уақытта Данияда 18 хоспис, 28 үй жағдайында көмек көрсететін жылжымалы қызметтер және үлкен клиникалар аясындағы 9 паллиативтік медицина бөлімшелері бар. Сонымен қатар, Даниядағы хоспистердің барлығы дерлік мемлекет тарапынан қаржыландырылатынын және олардың жағдайлары Еуропа бойынша ең озық екенін атап айту керек.
Конгресске қатысу паллиативті көмек көрсету философиясын одан әрі нығайтуға, өзіндік машықтарды және ғылыми іздеулерді дамытуға әкеп соқтырады. Бұл алаң бүкіл әлем бойынша әріптестер арасында жұмыс қарым-қатынастарын құруға, олардың зерттеулері мен озық тәжірибелерін білуге пайдасын тигізіп келеді.
Паллиативтік көмек енді-енді дамып келе жатқан Қазақстан үшін осындай әлемдік форумдарға қатысу аса маңызды.
ПКЕҚ-тың келесі маңызды шаралары төменде келтірілген:
Гүлнар Кунирова