18/05/2015
Балалар нені қалайды?
06/05/2015
Қарым-қатынас көпірін орнату: Данияда ПКЕҚ конгресі өтті
28/05/2015

Астанада сарапшылар ерекше қажеттіліктері бар адамдардың мәселесін талқылады

Астанада ҚР мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ конвенциясын ратификациялауға арналған халықаралық конференция өтті. Шараға ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, БҰҰ-ның мүгедектердің құқы жөніндегі комитетінің басшысы Хорхе Арайя, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдар мен ҮЕҰ өкілдері қатысты.

2015 жылдың басында еліміз үшін айтулы шаралардың бірі болды. Қазақстан мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ конвенциясын ратификациялады, сол арқылы ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмірін жақсарту жолына қадам жасады. «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау аясы тар мақсат емес, бұл – кедергісіз қоғам қалыптастыру жолындағы үлкен жұмыстың бастауы», – деді Ляззат Қалтаева, мүгедектердің Орталық Азия форумының директоры. «Конвенцияны ратификациялаған елдерге ерекше талаптар қойылады. Олар өздеріне мүгедектігіне байланысты кез келген кемсітушілікке жол бермеу міндеттемесін алып, кез келген саладағы кемсітушілік бойынша тең және тиімді қолдау көрсетуге кепілдік береді».

Конференция жұмысында алғаш рет Қазақстанға Сорос-Қазақстан қорының шақыруымен келген БҰҰ-ның мүгедектердің құқы бойынша комитетінің басшысы Хорхе Арайя мырза қатысты. «Конвенцияның ережелерін Қазақстанның ішкі заңнамасына имплементациялау аталмыш сұрақтағы Қазақстанның орнын, неге наза аудару және қай бағытта жұмыс істеу керектігін көрсетеді. Инклюзивтік қоғамда ерекше қажеттіліктері бар адамдардың мәселелері осы санаттағы адамдарға қатысты стратегиялар мен саясатты өзгерту бойынша бағдарламаларға енгізілуі керек», – деп атап өтті ол өз сөзінде.

Өз кезегінде Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова:«Бүгінде елімізде ерекше қажеттіліктері бар адамдардың жағдайын жақсарту жолында көп нәрсе істелуде. Үкімет жанында ерекше қажеттіліктері бар адамдардың мәселелері бойынша кеңес, барлық деңгейдегі министрліктер мен  әкімдерде ерекше қажеттіліктері бар адамдардың мәселелері жөніндегі осы санаттағы кеңесшілері бар. Егер мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнап жұмысберушілер жұмыс орындарын ашып жатса, онда мемлекет оған қолдау көрсетуге дайын», – деп сендірді.

Конференцияның нәтижесі бойынша қатысушылармен мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын білім беру, жұмыспен қамту және шешім қабылдау деңгейіне қатысу салалары бойынша жүзеге асыру бойынша ұсыныстардан тұратын резолюция қабылданды.