06/05/2015
Жапониядағы арнайы және инклюзивтік білім беру жүйесі
03/04/2015
Астанада сарапшылар ерекше қажеттіліктері бар адамдардың мәселесін талқылады
18/05/2015

Балалар нені қалайды?

Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен «Солнечный круг» ұйымы дайындаған «Балалар нені қалайды?» әлеуметтік ролигі “Lime” Халықаралық әлеуметтік жарнама фестивалінде (Мәскеу) екінші орынды қанжығасына байлады.

Бесінші мерекелік фестивалдің әділқазылар алқасының назарына Армения, Белоруссия, Украина және Қазақстаннан 600-ден астам жұмыс ұсынылды. Қазақстан аталмыш байқаудың жұмыс істейтін уақыты ішінде алғаш рет қатысып тұрағынан атап өту керек. Әділқазылар алқасының құрметті мүшесі – әлеуметтік жарнама корифейі, әлеуметтік даму, мәдени мұра және қоршаған орта менеджменті бойынша «St.Jamess Research» агенттіктің директоры Струан Симпсон (Лондон) болды.

«Біздің ұйымның миссиясы әлеуметтік жарнаманың сапалы өнімдерін дайындау және жылжыту арқылы келелі мәселелерді шешуге атсалысу болып табылады. «Балалар нені қалайды» бейнеролигі ерекше қажеттіліктері бар балалардың қоғамға ену, өз қатарластарымен араласу және қоғамның өмірініе толыққанды атсалысу қажеттілігін көрсетеді»,- дейді ұйым директоры Сәуле Оразбаева.

«Барлығы байқауға біздің ұйым «Бейнежарнама» және «Digital, Біріктірілген кампания» атты екі номинация бойынша бес жұмыс жіберген болатын. Барлық жұмыстар сарапшылардың жоғары бағасына ие болып, үздік роликтер қатарынан көрінді», – деп толықтырды жоба үйлестірушісі Нүрия Литвинова.

Біз серіктестерімізіді құттықтап, бағындырар белестердің көп болуын тілейміз!

«Балалар нені қалайды» бейнебаянын мына жерден көруге болады.