11/02/2015
Аутизмді жеңуге болады!
28/01/2015
Қазақстанның жас зерттеушілеріне арналған «Қоғамдық саясат» бастамасының жылдық жобасы өз мәресіне жетті. Жыл бойы жобаның 9 қатысушысы түрлі оқыту семинарларына қатысып, жыл соңында Қазақстанның көкейкесті мәселелеріне талдау құжаттарын даярлады.
23/02/2015

«Құқыққорғаушылардың жаңа толқыны. 2015 оқу жылы» байқауының қорытындысы

Сорос-Қазақстан қоры «Адам құқықтары» бағдарламасының қызметі аясында Ф.Эберт қорымен бірлестікте 2014 жылдың қыркүйегінде «Құқыққорғаушылардың жаңа толқыны. 2015 оқу жылы» байқауын жариялаған болатын.

Байқауға еліміздің барлық аймақтарынан 58 сұраным келіп түсті. Байқау сұранымдарды қарастыру және сұхбаттасу өткізу сынды екі кезеңнен өтті. Бағдарламаның Сарапшылар кеңесі екі кезеңнің нәтижесінде келесі қатысушыларды жеңімпаз деп таныды:

  1. Александр Пак
  2. Жанна Байтелова
  3. Айгүл Шәкібаева
  4. Ринат Кибраев
  5. Елизавета Мокшева
  6. Александр Пушилин
  7. Александр Данчев
  8. Гүлнұр Едігеева
  9. Вениамин Алаев
  10. Дарья Дороган
  11. Пархат Юсупджанов

СҚҚ-ның «Адам құқықтары» бағдарламасы байқаудың барлық қатысушыларына алғыс білдіріп, сәттілік тілейді.