28/01/2015
Астанада инклюзивтік білім беру бойынша семинар өтуде
21/11/2014
«Құқыққорғаушылардың жаңа толқыны. 2015 оқу жылы» байқауының қорытындысы
11/02/2015

Аутизмді жеңуге болады!

АҚШ-тағы аутизмді зерттеу институтының мәліметтеріне сәйкес, әр 50 сау баланың біреуі аутизмге душар болады екен. Өкінішке орай, Қазақстанда да жағдай көңіл көншітерлік емес: жыл сайын аутизмге шалдыққан балалардың саны артуда, олар мектепке және мектепке дейінгі мекемелерге қабылдану барысында айтарлықтай қиындықтарға тап болады, түзету әдістемелері мен әлеуметтік көмек көрсету қызметтері жоқ.

Алайда заманауи зерттеулер ерте бастан түзету жұмыстарын жүргізу арқылы балалардың қабілеттерін дамыту барысында айтарлықтай жетістікке қол жеткізуге болатынын көрсетіп отыр.

Аутизм – әлеуметтік әрекеттесу және тілдесу тапшылық ететін және өмірінің алғашқы үш жасына дейін көрініс беретін дамуында орын алатын бұзушылық. Бүгінде осы диагноз қойылған адамдарға көмек көрсетудің ортақ жүйесі жоқ, бұл өз кезегінде аутисттердің,  әсіресе, Қазақстанның шалғай облыстарында өмір сүретіндердің өмір сүру сапасына кері әсер етеді.  Осы ретте, «Ашық әлем» қоғамдық қоры Сорос-Қазақстан қорымен ынтымақтастықта аутизм туралы қоғамның ақпараттану деңгейін арттыруға бағытталған бірқатар шараларды жүзеге асырды.

«Бүгінде біз инклюзивтік білім, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қоғамға енгізу, толеранттылық туралы көп айтамыз, заңдарға өзгерістер енгіземіз, бірақ іс жүзіне келгенде балаларымызды ешкім қабылдамайды. Егер сіз жұмысқа да, достарыңызбен кездесуге де бара алмай отырсаңыз қандай күй кешер едіңіз, елістетіп көріңізші?»,- дейді «Ашық әлем» ҚҚ-ның президенті Әлия Архарова. «Аутизм туралы ақпаратты тарату арқылы қоғамды инклюзивті ете аламыз, аутизмге душар болған адамдардың бойындағы таланттарын анықтап, өз әлеуетін жүзеге асыруға жайғдай жасайтын мүмкіндіктерді бере аламыз».

«Ашық әлем» қорының бастамасымен бір жыл ішінде «Антон тут рядом» фильмінің көрсетілімі, дөңгелек үстелдер мен конференциялар, аутизм диагнозы және сөйлеу кемістігі бар балаларды жалпы білім беру жүйесіне енгізу әдістері таныстырылған тренингтер өткізілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық Музейінде аутизмге шалдыққан балаларға арналған танымал фотосуретші Қанат Бейсекеевтің жұмыстары қойылған “Менің құқым бар” атты көрме өтті.

Ұйымның белсенді жұмысы арқасында барлық мүдделі мемлекеттік құрылымдардың рұқсатымен Алматы қаласының бір мектебі мен мектепке дейінгі мекемесінде аутизмі бар балаларды қамтитын инклюзивтік білім беру бойынша эксперименталдық жоба жүзеге аса бастады. Бұл жобаның Орталық Азия аймағында еш аналогы жоқтығын баса айту керек. Ол еліміздегі аутизм кеселіне шалдыққан балалар үшін алдыңғы қатарлы инклюзивтік білім беру әдістемелерін бейімдеуге бағытталған. Сонымен қатар, жоба базасында тұрақты түрде жалпы білім беру жүйесінде  аутизмның ауыр түріне шалдыққан балаларға білім беру әдістемелері бойынша тренингтер мен кеңес беруді жүзеге асыратын Зертхана құрылады деп жоспарлануда.

«Инклюзивтік білім беруге бағытталған шараларды өткізу – ұзақ уақыт алатын үлкен еңбек. Біз жобамыздың белгілі бір жүйеге негізделетінін және инклюзивтік білім беру бойынша көптеген жобалардың қызметін толықтыратынын сеніммен айта аламыз», – деп сендірді Әлия Архарова.