Семинардың басты мақсаты білім беру саласында инклюзивтік тәжірибені дамыту үшін халықаралық тәжірибемен алмасу болып табылады.
Семинар барысында Финдляндиядан шақыртылған сарапшылар – Хеннариикка Кангас(Мұғалімдердің біліктілігін арттыру орталығы, Рованиеми қ.) және Сай Вайранен(Лапландия университетінің профессоры) жеке бағдармалармен оқыту және ұстазды инклюзивтік мектепте жұмыс істеуге дайындау мәселелері бойынша тәжірибелерімен бөліседі.
Семинар жұмысына Білім және ғылым министрлігінің, білім беру басқармаларының өкілдері, инклюзивтік мектептердің ұстаздары мен арнайы ҮЕҰ-дар қатысады.