24/10/2014
Білім алу құқығы
09/10/2014
«iMedia Project» жобасының алғашқы модулі тәмамдалды
18/11/2014

iMedia Project байқауының жеңімпаздары анықталды

 Қазақстан Баспасөз клубы Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен ағымдағы жылдың 8 шілдесінен 17 қыркүйегіне дейін «iMedia Project» жобасына сұранымдамдарды қабылдады.

Медиа саласындағы кәсіби мамандардан құрылған әділқазылар алқасы байқауға келіп түскен 86 сұранымнан жаңа білім беру бағдарламасы бойынша тегін оқыту курсынан өтетін 20 журналистті анықтауға көмектесті.

Үміткерлерді іріктеу екі кезеңде өтті: байқаулық сұранымды қарастыру және сұхбат өткізу. Екінші турға барлығы 44 журналист қатысты. Іріктеудің екі кезеңінен де мүдірмей өткен байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!

  1.  Нурболат Аманжолов, «Байкадам медиа-групп»,  Алматы қ.;
  2. Елнұр Әлімова, «Жас Алаш» газеті, Алматы қ.;
  3. Анар Базмұхаметова, BNews.kz, Астана қ.;
  4. Асқар Беков, «Айқын» газеті, Алматы қ.;
  5. Марина Васильева, «РИКА ТВ», Ақтөбе қ.;
  6. Валентина Владимирская, Zona-KZ порталы, Алматы қ.;
  7. Елтай Давленов, NewTimes.kz, Астана қ.;
  8. Михаил Дорофеев, «Verny Investments Holding», Астана қ.;
  9. Нұргелді Дүйсенов, «Наша газета», Қостанай қ.;
  10. Александр Журавлев, «Клюква» студиясы, «Жетінші арнадағы» бірқатар бағдарламаларының авторы,  Астана қ.;
  11. Анжела Ищанова, «LS» қаржылық журналы, Алматы қ.;
  12. Әсет Қайларов, «Exclusive» журналы, Алматы қ.;
  13. Жанар Канафина, «Караван» газеті, Алматы қ.;
  14. Ирина Лелявская, «Tengri FM» радиосы, «СТВ» телеарнасы, Алматы қ.;
  15. Марат Махметов, «Мой город» газеті, Орал қ.;
  16. Ирина Медникова, «Forbes Казахстан» журналы, Алматы қ.;
  17. Гүлнар Нұртазина, «Казахстан» ТРК, Қостанай қ.;
  18. Кәмшат Сатиева, «Алаш айнасы» газеті,  Алматы қ.;
  19. Жұлдыз Тулеуова, фрилансер,  Алматы қ.;
  20. Валентин Шипунов, «Индустриальная Караганда», Жезқазған қ.

Әсия Акишева, Төлеген Асқаров, Гүлнар Бажкенова, Ольга Каплина, Әсел Қараулова, Мира Халина, Олег Хе  және Олег Червинскийден құралған әділ қазылар алқасына атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіреміз.