08/09/2014
Ұйымдарға арналған сұраным үлгісі өзгертілді
05/09/2014
Адам құқықтары бойынша тереңдетілген курстың алғашқы шығарылымы
25/09/2014

Оқшаулауға «Жоқ» дейміз

Павлодарлық «Альрами» клубтық үйінің базасында денсаулығында менталдық бұзушылықтары бар адамдарға психоәлеуметтік көмек көрсету бойынша ҮЕҰ өкілдері үшін тренинг өтті.

Бұл – Сорос-Қазақстан қорының (СҚҚ) «Баршаға ашық қоғам» бастамасы аясында өтетін төрт семинардың екіншісі.  

Менталдық (психикалық) денсаулық – адам өз әлеуетін жүзеге асыра алатын, күнделікті стрестерді жеңіп, жемісті және нәтижелі еңбек етіп, өз қауымдастығының өміріне үлес қоса алатын денінің саулық жағдайын білдіретін жаңа термин.

Тренинг-семинарға Теміртау, Семей, Қарағанды және Өскемен ҮЕҰ-нің 12 өкілі қатысты. Екі күндік тренинг барысында қатысушылар сауықтыру технологиялары және жұмыс стандарттарымен танысып, клубтың мүшелері және қызметкерлерімен тілдесіп, оның атмосферасын сезіне алды.

«Жақын маңда Қазақстан Парламенті «Мүгедектердің құқықтары туралы» БҰҰ конвенциясын бекітеді. Бұл – денсаулығында менталдық бұзушылықтары бар тұлғалардың қоғамға одан да белсенді бейімделуіне мүмкіндік болады деген сөз. Бұл ретте, «Альрами» клубтық үйі мамандарының  өзге қалалардағы мамандармен өз тәжірибесімен бөлісуі құнсыз» – дейді Айнұр Шакенов, Сорос-Қазақстан қорының «Баршаға ашық қоғам» бастамасының үйлестірушісі.

«Альрами» клубтық үйі Қазақстанда психоневрологиялық патологиясы бар ересектерге арнайы көмек көрсетумен айналысатын аздаған ұйымдардың бірі. Тренингтердің мақсаты денсаулығында менталдық бұзушылықтары бар адамдар үшін Қазақстан Республикасында баламалы қызметтерді дамытуға көмектесу. Жоба шығармашылықпен айналысу, бос уақытын тиімді өткізу, жұмыспен қамту мәселелері арқылы психо-әлеуметтік сауықтыру мәселесіне басым көңіл бөледі.

«Мен осы бағыт бойынша ақпаратты алып, тәжірибе жинауға келдім. Тренинг барысында бұл жүйе қалай жұмыс істетйіндігін, адамдар қандай аурымен келетіндерін, тілдесу қалай өтетіндігін, білім қалай меңгерілетінін бәрін өз көзіммен көріп білуге мүмкіндігім пайда болды», – дейді Виктор Кривошеев (СҚО Есіл ауданы мүгедектерінің ҚБ-нің төрағасы). «Таңдандым десем, түк айтпаған боламын. Клубтық үй үлкен жұмыс атқаруда. Олардың қызметі мен жүріп өткен жолы бізге үлгі болары сөзсіз».

«Біз қиын өмірлік жағдайдағы адамдармен жұмыс істейміз. Қаламызда денсаулығында менталдық бұзушылықтары бар балалармен жұмыс істейтін бірқатар ұйымдар бар. Бірақ жасөспірімдер мен ересектер осы мәселемен жекпе жек қалып жатады. Біз дәл осы мақсаттық топпен жұмыс істегіміз келеді», – деп жалғастырды Ирина Жданова («Мой дом» ҚБ-нің төрайымы, Теміртау). «Семинар танымды, әдістемесі заманға сай. Семинардан соң осындай клубтық үйді Теміртауда ашу ойы туындады».

Жыл соңына дейін жоба аясында ҮЕҰ мен мемлекеттік орган өкілдері үшін 2 семинар өткізу жоспарлануда.