Жобаны жүзеге асырудың барлық кезеңінде көрсеткіштердің алатын орны ерекше. Олар тиімділікті бағалаудың нақты және дәл үлгісін анықтауға мүмкіндік береді: олар керек жағдайда мақсатқа жетуде және түзетулерді анықтауда жетістікті өлшеу көрсеткіші бола алады. Жобаның аяқталуы кезеңінде көрсеткіштердің негізінде орын алған өзгерістерді немесе жетістікті, не жоба барысында қолжеткізілген нәтижені бағалау жүзеге асырылады.
Ұсынылып отырған өзгерістер қандай да бір жобаның берер үлесін, мақсат пен ақырғы нәтиже арасындағы байланысты нақты елестетуге бағытталған. Біз оның тиімді жоспарлауға және есептілік деңгейін арттыруға көмектесетініне үміттенеміз.
Логикалық шеңбер енгізілген екі жарым жыл ішінде оның жобалардың мәнін нақты түсінуге көмектесетіні белгілі болды. Жобаны жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде көрсеткіштердің маңыздылығын түсіне отырып, сұранымдарды толтыру барысында жоба мақсаты мен нәтижелері арасындағы байланыстың куәсі болуы керек жоба сәттілігін сипаттайтын көрсеткіштерді толыққанды және шынайы сипаттауды сұраймыз.
Логикалық шеңберді толтыру жөніндегі мысалды мына сілтеме бойынша көре аласыздар.