Қазақстан Гёте-Институты мен Сорос-Қазақстан қоры бірлесіп өткен жылдың соңында кәсіби және әуесқой жас суретшілерге (18-29 жас аралығындағы) арнап «Толеранттылық» (төзімділік) тақырыбына карикатура бәйгесін жариялаған еді.
Бәйгеге 22 адамнан өтініш түсті. Екінші турға өткен 12 суретші Еуропадан келген және қазақстандық карикатурист-суретшілер өткізетін мастер-класқа қатысуға міндетті. Мастер-класс үстіміздегі жылдың наурыз айының ортасында ұйымдастырылады. Жартылай финалға өткен суретшілер:
- Талиев Рақымжан Мақсұтұлы, Алматы
- Қырғызбаева Ботагөз Вячеславқызы, Алматы
- Қырғызбаева Аягөз Вячеславқызы, Алматы
- Теміров Аслан Нұрбекұлы, Астана
- Лебедянская Станислава Сергеевна
- Постол Альфия Нуруллаевна, Астана
- Редькина Марина Сергеевна, Астана
- Жүсіпов Нұрсұлтан Нұрланұлы
- Шайкенова Айсұлу Бауыржанқызы, Көкшетау
- Ауыт Мукибек
- Құрманбеков Құрманғазы Сәбитұлы, Алматы
- Ли Олеся Андреевна, Шымкент
Қазақстан Гёте-Институты мен Сорос-Қазақстан қорының қызметкерлері бәйгеге қатысқан барлық суретшілерге зор алғыс айтып, шығармашылқ табыс пен жаңа бастамалар тілейді!