Ағымдағы жылдың мамыр айында Сорос-Қазақстан қоры жаңа сайтты іске қосқан болатын. Сайт жұмыс істеп жатқан алты ай ішінде «Қоғамдық ұйымдар» номинациясы бойынша Ұлттық Award-2013 интернет премиясына қол жеткізді.
Алматыда Award-2013 Ұлттық интернет премиясының пайымы бойынша үздік сайттарды ұлықтау рәсімі өтті. Бауқауға барлығы 600-ге жуық сұраным келіп кетті. Байқау екі кезеңнен өтті: бірінші кезеңде қазақстандық сарапшылар дауыс беру жолымен әр номинация бойынша 10 үміткерді таңдаса, екінші кезеңде халықаралық комиссия үш жеңімпазды таңдады. Сорос-Қазақстан қорының сайты «Қоғамдық ұйымдар» номинациясында үшінші орынға тұрақтады. Бірінші және екінші орынды сәйкесінше Алматы қаласының орталық мешітінің сайты мен ASTEX жаңа технологиялардың халықаралық көрмесінің сайты сәйкесінше иемденді.
«Сайтты дайындау жұмысы барысында біздің басты міндетіміз тек қана қарапайым және қолдануға жеңіл сайтты дайындап қана қоймай, сайтқа кірішулер үшін ақпаратқа қанық құрылымды дайындау болып табылатын. Сондықтан, сайттың жаңа үлгісінде біз тек дизайнын өзгертіп қана қоймай, Қор және оның қызметі туралы ақпаратты жүйелеп беруге тырыстық. Осы ретте, әділқазылар алқасының біздің сайтта соңғы жарты жыл ішінде орын алған өзгерістерді жақсы бағалап, оң бағаларын бергені үшін біз өте қуаныштымыз. Бұл біз үшін мақтаныш қана емес, сонымен қатар, дұрыс бағытта жұмыс істеп жатқанымыздың көрінісі деп білемін» – деді Сорос-Қазақстан қорының Басқарма Төрағасы Антон Артемьев.
AWARD.kz Ұлттық интернет премиясы – бұл Казнет веб-сайттарының байқауы. Өз қызметі арқылы AWARD.kz Қазақстан интернетінің дамуына көмектеседі. Жыл сайын байқау ақпараттың сапасын, дизайны мен интернет-ресурстардың техникалық жасақталуын бағалай отыра үздік сайттарды анықтайды.