31/07/2013
Байқау қорытындысы
11/06/2013
Әлеуметтік қысқаметражды кино байқауының қорытындысы
06/08/2013

Мемлекеттік тапсырыстың ашықтығы

Алматыда мемлекеттік тапсырыс рәсімдерін саралау бойынша бірлескен жобаға қатысатын Қазақстан, Қырғызстан және Украина үкіметтік емес ұйымдарының екі күндік халықаралық кездесуі өтті.

Аталмыш жоба Ашық қоғам институтының  «Шекарасыз Шығыс-Шығыс» бағдарламасы, Сорос-Қазақстан қоры, Сорос-Қырғызстан қоры және «Возрождение» Халықаралық қорларының қолдауымен Қырғызстан, Украина және Қазақстан ҮЕҰ-дары бірлестіктерімен жүзеге асуда.

«Біздің қор мемлекеттік қаржының ашықтығымен айналысатын әр елдегі ҮЕҰ-дың ынтымақтастығы мен әрекеттестігін қолдайды. Бұл серіктестерімізге ақпаратпен және тәжірибемен алмасуға көмектеседі», – дейді Сорос-Қазақстан қорының Басқарма төрағасы Антон Артемьев.

Жоба барлық серіктес елдерде мемлекеттік тапсырыс рәсімдерінің ашықтығы бойынша зерттеуді бір уақытта жүргізу тәжірибесінің жағымды тәжрибесін алуға көмектесті. Зерттеу нәтижесі әрекет ететін мемлекеттік тапсырыс бойынша заңның халықаралық стандарттарға сай екендігін көрсетті. Алайда сарапшылардың пікірі бойынша, заңды іс жүзінде жүзінде қолдану тәжірибесі «қағаздағы» заңнан айтарлықтай ерекшеленеді.

Кездесу қатысушылары шешім қабылдауда және лайықты мемлекеттік басқаруда қоғамның қатысу мәселелерін, тапсырыс нәтижелеріне шағымдану рәсімдері мен қабылдау тәртіптерін, осындай шағымдарды қарауы керек құрылымдардың тәуелсіздігін және байқауларға шетел жабдықтаушылары тарапынан шектеулі қолжетімділік мәселелерін талқылады.

Бюджеттік ашықтық пен есеп берушілік үшін үкіметтік емес ұйымдардың ұлттық бірлестіктері зерттеу қорытындылары мен ұсыныстарын жалпылап, жұмысты мемлекеттік құрылымдарымен әрекеттестікте жалғастыруға шешім қабылдады.