Ол не? 1999 жылы БҰҰ Бас АссамблеясыЖастар істері жөніндегі министрлердің Дүниежүзілік конференциясының тамыздың 12-сін Халықаралық жастар күні (International Youth Day) деп жариялау туралы ұсынысын қолдады. 2000 жылдан бастап бұл күн әртүрлі елдерде мерзімді түрде атап өтілуде.
Мақсаты – әлемдегі жастардың жетістіктерін атау, жастардың қоғамды нығайту, жергілікті қауымдастықтарды дамыту ісіне қатысуға ынталандыру, жастардың арасындағы ерікті қызметті насихаттау.15 және 29 жас аралығындағы жастар бүкіл жер шары тұрғындарының алтыдан бір бөлігін құрайды.
Бұл күні басқа елдерде қандай шаралар жүргізіледі?
Халықаралық жастар күніне арналған бүкіл әлем бойынша орын алып отыратын көптеген шаралар мен оқиғалар жастардың осы әлемге әкелетін жетістіктерін көрсетуге тырысады.
Мемлекеттік деңгейде елдер мұндай ғаламдық шараға білім беру, жұмыспен қамтылу және т.б. сол сияқты мәселелер бойынша жастар конференцияларын ұйымдастыру арқылы қатысады. | Жергілікті деңгейде, жастардың өздері өз қоғамдарында, қалаларында, аулаларында сан-алуан түрлі пайдалы бастамаларды ұйымдастырып, спорт шараларын, көрмелер мен өзге де көптеген шараларды жүргізеді. |
Сен не істей аласың?
Сенің де Халықаралық жастар күнін атап өтуіңе болады. Бастысы өз қоғамыңды, қалаңды, ауылыңды, мектебіңді, аулаңды, отбасыңды және т.б. дамытуға үлес қоса аласың. Ол үшін:
12 тамызда өзің не достарыңмен бірге ҚАЙЫРЫМДЫ, ПАЙДАЛЫ ІС жаса;
Бұл жайлы ФОТОРЕПОРТАЖ, РОЛИК түсіріп не ОҚИҒА, КОМИКС жаз;
МАТЕРИАЛДАРДЫ бізге youth@soros.kz мекенжайына тамыздың 17-іне дейін жолда.
Ең жарқын және ерекше оқиғалар біздің сайтымызда жарияланып және серіктестеріміздің арасында таратылатын болады.
Өзіңді өз қоғамыңның тарихына енгізіп және өзгелерге үлгі көрсет!