30/05/2012
Қазақстанда волонтерлерді даярлайтын тұңғыш кәсіби мектеп ашылды
22/05/2012
Халықаралық Жастар күні
01/08/2012

Алматыда Орталық Азия Әлеуметтік Инновациялар Лагері (SICamp) ашылады

31 мамырда Алматыда Орталық Азия Әлеуметтік Инновациялар Лагері (SICamp) ашылады. Social Innovation Camp Сорос –Қазақстан Қорының, Transitions Online және Интерньюс Қазақстан компанияларының қолдауымен жүргізілуде.

2012 SICampлагеріне қатысуға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстаннан 138 өтініш келіп түскен болатын. Бағдарлама жасаушылар, дизайнерлер, тілшілер, ҮЕҰ өкілдері, блогерлер Интернеттің мүмкіндіктерін олар өздері үшін және тұтастай қоғам үшін маңызды деп санайтын нақты әлеуметтік бағдарламаларды ілгері жылжыту, шешу үшін қалайша пайдалануға болатыны туралы 50-денастам идеясын алға тартты. Қатысу үшін 60 адам таңдалды, оларға 2күн ішінде 7 инновациялық әлеуметтік жоба әзірлеу керек болады.

SICamp Алматышипажайында өтетін болады. 31 мамырда Лагерьдің ашылу салтанаты, сондай-ақ Интерньюс-Қазақстанкомпаниясының тәжірибелік сабақтары өтеді. Дәл сол күні өздерінің жобалары таңдалғанSICampқатысушылары өз идеяларын ұсынатын болады. Олардың міндеті өзге қатысушыларды өз идеясымен қызықтыру және жобаны жүзеге асыруға арнап команда жинау. 1-2 маусымда лагерьдің қатысушылары өз жобаларын әзірлейтін болады. Олардың жұмысын құрамына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінен келген АКТ, азаматтық бастамалар мен кәсіпкерлік саласындағы сарапшылар енген әділ-қазылар бағалайтын болады. SICampлагерінің қорытындысы 2 маусымда белгілі болады.

Жеңімпаздар Орталық Азиядағы әріптестерімен жұмыс жүргізуде баға жетпес тәжірибе алады.

SICampлагерінің бірге ұйымдастырушысы Интерньюс-Қазақстан: «Біз олардың жобалары әлеуметтік тұрғыдан маңызды, қызықты және инновациялық болып, пайдасын тигізіп және қатысушылардың өздері үшін қызықты болады деген үміттеміз».

Шараның негізгі техникалық серіктесі «Қазақтелеком»АҚ.