Project Syndicate"

15/08/2020

Беларусьтегі экономикалық фактор

CТОКГОЛЬМ – 9 тамызда өткен сайлаудан кейін Беларусь президенті Александр Лукашенконың авторитарлы билігі келмеске кетуі мүмкін. Елде жаппай наразылық өршіп, ең маңызды  секторлардағы жұмысшылар көтеріліске шығып жатыр. Бір қызығы – егер Лукашенке биліктен кетсе, Беларусьтің толыққанды нарықтық экономика қалыптастыру мүмкіндігі өте жоғары болады.
06/08/2020

Қаржы нарығы мәселені бағамдай алуда ма?

ЛОНДОН – COVID-19 пандемиясының ақпан-наурыз кезеңінде болған қаржы нарығының дағдарысы туралы сәуірде жазған пікірімде аталған өзгерістердің  таң қалдырарлық, күрделі әрі тым әсерлі екенін атап өткенмін. Сонымен қатар, ойға қонымсыз логиканың жұмыс істейтініне күмәнданып, әлем экономикасының күйреуіне қарамастан нарық дами беретіндігіне сенген едім. Ақыр аяғы солай болып шықты да. Енді тағы өзгеріс бола ма? Қаржы нарығындағы қырық жыл қызметім мен оны зерттеуден түйген қорытындым бойынша байқағаным: тамыз – процесті сыртынан бақылау айы, күздің алғашқы жаршысы. Және белгілі бір себептерге байланысты 1929 және 1987 жылғы Уолл Стрит құлдырауынан бастап 1997 жылғы Азия қаржы… Продолжить Қаржы нарығы мәселені бағамдай алуда ма?
06/08/2020

Қытайдың Ұлы су қорғаны

ЛОНДОН – Осы жазда Шығыс Азия муссондары Қытайға қарай соғады. Шілде айының соңына көрсетілген деректерге сәйкес, 433 өзенді су басу қаупі туралы хабарланды; мыңдаған тұрғын үй мен мекеме қирап, миллиондаған адам үй-күйсіз қалудың аз-ақ алдында тұр.  Қытайдағы ең ірі тұщы сулы өзен саналатын Поянхудағы су деңгейі рекордтық 22,6 метрге (74 фут) жетті. Бұдан соң елдің шығысында орналасқан Цзянси провинциясы (халық саны 45 млн) «соғыс уақытындағы» шараларды қолдануға мәжбүр. Соңғы жиырма жылда Қытай азаматтары мұндай табиғи апаттан зардап шекпеді әрі бұл қауіптің тек бастамасы болса керек.
16/07/2020

Әлем және пандемиядан кейінгі өзгеріс

ЛОНДОН – COVID-19 індетінің экономикаға қалай әсер еткеніне толық баға беру үшін уақыт керек. Дегенмен пандемия зардабының кейбір тұсы бүгінде айқын, оған дәлел ретінде әлемдегі жұмыс күші дағдарысының басталуын айтуға болады. Климат өзгерісінің де дәл осылай әлемдегі жұмысшылардың әлсіз тобына тигізер зардабы көп екенін ескерсек, әділет пен тұрақтылыққа негізделген дағдарысқа қарсы кешендік әрекет ету қажеттілігін бағамдау қиынға соғады.
23/06/2020

Ұлы қарыздан арылу процесі

БОСТОН – Covid-19 дағдарысымен күресуге ауқымды бюджет кеңістігіне қажеттілік артқан уақытта дамушы елдердің сыртқы несиегерлерге қарызы 7,5 триллион долларға жетіп, осы қарызға қызмет көрсету құны күн өткен сайын ауыртпалық түсіріп отыр. Қарыздың біршама бөлігін кешіруге байланысты аргумент жетерлік, дегенмен кейбір саяси тұлғалар бұл шешімге қарсы. Олардың ойынша, мұндай шешім аталған елдердің халықаралық нарықтағы орынын шектеп, сол арқылы экономикалық өсу қарқыны мен инвестиция көлемі төмендейді.