23/06/2017
Алматыда «Аялауды үйренеміз, сақтауды үйренеміз» жобасының тұсаукесері өтеді
07/06/2017
Тастақта жаңа саxна ашылғалы жатыр
30/06/2017

«Алматы бюджеті: ақпараттың ашықтығы мен қол жетімділігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

АЛМАТЫ, 2017 ж. 23 маусым – «Құқықтық және Экономикалық Реформаларды Қолдау Орталығы» ҚҚ Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен «Алматы бюджеті: ақпараттың ашықтығы мен қол жетімділігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты: Бюджет жайлы ақпаратқа қол жетімділік сұрақтарын талқылау және Алматы қаласының бюджет процесіне қоғамды тарту.

«Бюджет процесінің ашықтығы, қоғамға ұсынылатын бюджеттік құжаттардың ашықтығы, уақтылы берілуі, толықтығы мен түсініктілігі атқарушы органдар қызметінің тиімділігін, сондай-ақ іске асырылған бюджеттік бағдарламалардың сапасы мен нәтижелілігін анықтауқажеттілігімен сипатталады. Жұртшылықтың кеңінен және тиімді қатысуы шешім қабылдайтын тұлғаларға түрлі пікірлермен танысуға, сондай-ақ өңір тұрғындарының қажеттіліктерін анықтауға мүмкіндік беретін тамаша мүмкіндік және есептілікке ие бюджет жүйесінің маңызды бөлшегі болып табылады.» – дейді «Құқықтық және Экономикалық Реформаларды Қолдау Орталығы» ҚҚ-ның директоры Әсел Қырықбаева.

«Сорос-Қазақстан қоры 15 жылдан астам жергілікті деңгейде азаматтардың бюджет процесіне қатысуын қолдауға бағытталған мемлекеттік қаржылардың ашықтығы мен есептілігі саласындағы жобаларды қолдайды. Біз дамыған мемлекеттің бюджет саясатының басым бағыттарының бірі қаржы-бюджет саласының мәселелері бойынша, соның ішінде тұрғындар үшін бюджеттік мәліметтердің ашықтығы мен түсініктілігін арттыру міндетін қоса алғанда, атқарушы органдардың жұртшылықпен өзара іс-қимылын нығайту мәселесі болуы тиіс деп санаймыз» – дейді Сорос-Қазақстан Қорының «Ашықтық пен есептілік» бағдарламасының үйлестірушісі Асқар Көшкінбаев.

Дөңгелек үстелде әкімдік өкілдері Алматы қаласының 2016 жылға арналған бюджеттің орындалуы жөнінде және бюджетті қалыптастыру кезінде қоғамды тарту бойынша әкімдік жұмысының нәтижесімен таныстырады. Сонымен қатар, Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарының сайттарына жасаған мониторинг нәтижелері, жергілікті бюджеттер ашықтығының индексі таныстырылып, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін жақсарту және шешім қабылдау процесіне азаматтардың қатысу мүмкіндіктерін кеңейту әлеуеттері талқыланады.

Дөңгелек үстел жұмысына Алматы қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының, Алматы қаласының қаржы басқармасының өкілдері, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің, сарапшылар қауымдастының, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың мүшелері, БАҚ қатысады.

Өтетін орны: Достык даңғылы, 52\2, «Қазақстан» қонақүйі, «Алтын Емел» конференц-залы.

Тіркеудің басталуы: 9:30

Қосымша сұрақтар бойынша мында хабарласуға болады:

Әсел Қырықбаева, «Құқықтық және Экономикалық Реформаларды Қолдау Орталығы» ҚҚ-ның директоры, +7777 247 9944, CenterLERA@gmail.com

Қосымша ақпарат:

Қазақстанның Ұлттық бюджет желісі (ҚҰБЖ) жайлы

2008 жылдың сәуірінде бюджеттік талдау, мониторинг пен бюджет процесіне жұртшылықтың қатысуы саласында қызмет атқаратын үкіметтік емес ұйымдар Қазақстанның Ұлттық бюджет желісін құру жайлы бастама жасады. ҚҰБЖ мақсаты – бюджеттік бағдарламалардың, сондай-ақ азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдарды бюджет процесіне тарта отырып мемлекеттік қызметтердің тиімділігі мен нәтижелігін арттыру арқылы азаматтардың әл-ауқатын жақсарту, мемлекеттік басқарудың ашықтығын, есептілігін және азаматтық қатысуды арттыру.

Толығырақ мына сайтта – www.budget.kz

Сорос-Қазақстан Қоры туралы

Сорос-Қазақстан Қоры(СҚҚ) – үкіметтік емес қайырымдылық қоры, оның басты мақсаты – Қазақстанда ашық қоғам құндылықтарын алға жылжыту.

Толығырақ мына сайтта – www.soros.kz