Factcheck.kz аудиторияны жалған ақпаратпен бірге күресуге шақырады
Аймақ көлеміндегі алғашқы бірегей жоба бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желіде, мессенджерлерде жарық көрген қоғамдық маңызы бар ақпараттың, ел алдында жүрген азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың мәлімдемелерінің рас-өтірігін тексереді.
Жоба Қазақстандағы медиа сауаттылықты дамытуға бағытталып отыр. Factcheck.kz қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді. Басқа тілдегі нұсқаларын қосу да жоспарда бар, жалпы алғанда, Орталық Азияда фактчекингтің дамуына ықпал етуді көздейміз.
Расталмаған және фейк ақпараттармен, қоғамдық сананы манипуляциялаумен, деректерді бұрмалаумен және оған мүдделі ресурстармен күресуге бағытталған реурс қызметі оқырманға тек ашық дерек көздерінен алынған тексерілген ақпаратты алуға, ал ел алдында жүрген тұлғаларға өз мәлімдемелеріне барынша мұқият болуға ықпал етеді.
Жоба редакторлары ақпарат құралдарында жарияланған қоғамдық маңызы бар ақпараттарды, деректерді, көрсеткіштерді және түйіндерді тұрақты түрде мониторинг жасау арқылы анықтап, тексереді. Тексеру қорытындысы бойынша тексеру әдістемесін көрсетіп және дәлелдемелерді ұсына отырып, «жалған», «шындық», «жартылай шындық», «манипуляция», «үкімі жоқ» деген қорытынды жасайды.
«Жобаның ерекшелігі, оған кез келген адам қатыса алады. «Кері байланыс» тетігін басу арқылы бізге өздеріңіздің ұсыныстарыңызды, ескертпелеріңізді және комментарийлеріңізді жібере аласыздар. Біз диалогқа, әріптестікке және өзімізді жетілдіруге дайынбыз», – дейді жоба жетекшісі Адиль Джалилов.
«Деректердің рас-өтірігін тексеру бүгінгі күні аса өзекті, өйткені біз шындықтан кейінгі шындық, фейк және манипуляция ақпарат дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Factcheck.kz қазақстандықтардың ақпаратқа сын көзбен қарау қабілетін дамытуға ықпал етеді», – дейді Сорос-Қазақстан Қоры Басқарма Төрағасы Антон Артемьев.
Factcheck.kz тәуелсіз фактчекинг жобасы, ол саяси және басқа да «лагерьлерден» тыс. Жұмыс барысындаобъективтілікке және бұра тартпауға аса қатты мән беріледі.
Кез келген тұлға, БАҚ және ұйым жариялаған ақпарат тексерілуі мүмкін. Тек қана жария болған фактілер ғана зерттеу нысаны бола алады. Ой-пікір, болжам және тұспал зерттеу нысаны бола алмайды.
Баға беру барысында редакция Халықаралық фактчекинг желісінің (IFCN) принциптеріне сүйенеді, ол дерек көздерінің ашықтығына, бұра тартпауға, әдістеме мен қаржыландырудың ашықтығына негізделген.
Талас-тартыс туындаған жағдайда Factcheck.kz контраргументтерді қарастыруға, сондай-ақ, эксперттерден жұмысшы тобын құрып, үкімді қайта қарауға дайын.
Factcheck.kz жобасын MediaNet Халықаралық журналистика орталығы Сорос-Қзақстан Қорының қолдауымен жүзеге асырады.
________________________________________________________________________
Қосымша ақпарат үшін:
Виктория Ли, medianet.smm@gmail.com
Думан Смақов, medianet.smm@gmail.com
+7 727 292 20 46, +7 771 445 03 77