23/11/2016
Баррель түбі: бүгін неге кешегідей әрекет етуге болмайды?
12/11/2016
Алматы қ. мемлекеттік органдар мен коммуналдық кәсіпорындардың сайттарының Ақпаратқа қол жеткізу туралы Заңға сәйкестігіне тексеру жүргізілді
15/02/2017

Қазақстанда 400 000 мүмкіндігі шектеулі азаматтың жұмыс істеу ниеті бар

Алматы, 23 қараша 2016 жылы Аlma Management University, сағат 9.30  – «КЕҢЕС» еңбекпен оңалту және әлеуметтік бейімдеу орталығы, мүгедектер қоғамдық бірлестігі, Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен«Қазақстан Республикасындағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еңбек етуге құқығын жүзеге асыру» атты дөңгелек үстел өткізеді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты Солтүстік Америка мен Еурокеңес елдерінде тиімді қолданылатын құралдар негізінде  коммерциялық емес ұйымдардың сарапшылары дайындаған мүгедектерді еңбекпен қамтудың жаңа моделінің концепциясын талқылау мен жариялау болып табылады.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметі бойынша,  Қазақстанда 2015 жылғы есеп бойынша 561,505 мың мүмкіндігі шектеулі азамат бар, бұл жалпы халықтың 3,2% құрайды. Оның ішінде 400 000, ал бұл мүгедектігі бар адамдардың 60% – жұмыспен қамтылмаған, бірақ еңбекке жарамды азаматтар. Кейбір деректерге сүйенсек, 9000 адам немесе жалпы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың  2,25%-ы жұмыспен қамтылған көрінеді.

Қазіргі таңда біздің мемлекет мүгедектігі бар азаматтардың жұмыспен қамтылу мәселесін шешуді назарда ұстап тұр, ол өз тұрғысында кәсіби білім алу, қажетті инфраструктураның, көмекші техникалық құралдардың болуы және БАҚ арқылы ақпараттандырумен тығыз байланысты. Алайда, соған қарамастан, өз азаматтарын жұмыспен қамту  арқылы еңбек етудегі құқығын жүзеге асыру, жұмыс берушілерді тарту үшін жағдай жасау, әлеуметтік кедергілерді жою және заңнамалық базаны жетілдіру бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр.

«Біздер мүгедектерді жұмыспен қамту жағдайын, тек мемлекет, мүгедектерді мынадай қосымша артықшылықтармен қабылдауға даяр жұмыс берушілерді қамтамасыз ете бастағанда қол жеткіземіз: мүгедектігі бар жұмысшыларды оқыту мен сақтандыру; мүгедектерді жұмысқа қабылдаушы компанияларға жеңілдікпен кредит беру немесе субсидияландыру; қызметкерлер штатында мүгедектер бар өндіріс ұйымдарын ғана мемлекеттік сатып алуға жіберу», – дейді Вениамин Алаев, «КЕҢЕС» кешенді оңалту орталығының бағдарламалық менеджері. «Біз материалдық көмек сұрап тұрғанымыз жоқ. Біздер масыл болғымыз келмейді. Біздерге ең қажеті тек – тұрақты жұмыстың болуы».

Бұл модель Қазақстан Республикасы Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму бойынша комитетінің төрайымы, депутат Г.М.Иксанова және Қазақстан Республикасының Мәжіліс депутаты Жанат Омарбековаға сәтті таныстырылды.

Дөңгелек үстел аясында «Мүгедектігі бар әйелдерді жұмыспен қамтудағы ерекшеліктер» атты тренинг өтеді. Іс-шараны «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдердің ассоциация құрылтайшысы, қазіргі кезде Алматы қаласы Мәслихатының депутаты Қалтаева Ляззат Молдахметова жүргізеді.

Барлық қосымша сауалдар бойынша жауапты «КЕҢЕС» орталығының атқарушы директоры Алаев Вениаминге келесі байланыс түрлері арқылы хабарласу арқылы ала аласыздар:эл. пошта veniamin_kz@mail.ru; тел: +7 701 7996009

Іс-шара  Алматы қаласы, Розыбакиев көшесі, 227  мекен-жайында орналасқан Alma Management University  ғимаратында өтеді.