02/10/2014
ОҚО Сайрам ауданында 100-ден астам еріктілер білім алды
29/09/2014
Шымкентте азаматтық қоғам өкілдері ҚР Ұлттық қоры қызметіне мониторинг жасау машықтарын игеруде
13/10/2014

Қазіргі қоғамдағы әйелдер мен қыз балалардың құқықтары

Алматы, 2-3 қазан, 2014 ж. – ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен Әйелдердің шығармашылық бастамасы Лигасы қыз балалардың құқықтарын қорғау, мүмкіндіктерін кеңейту және гендерлік теңдік мәселелеріне арналған семинар өткізеді. Семинар БҰҰ-ның шешімі бойынша 2012 жылдың 11 қазанынан бастап бүкіл әлем атап өтетін Халықаралық Қыз балалар Күніне орайластырылған.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының статистикасы бойынша, бүгінде әлемде 16 миллионнан астам жеткіншек қыздар 15 пен 19 жас аралығында дүниеге сәби әкеліп, босанады екен, ал тағы да 5 миллионы жүктілікті мерзімінен бұрын үзуге мәжбүр болады екен. БҰҰ-ның болжамы бойынша 2020 жылға қарай әлемде ерте некелердің саны 140 миллионға жетеді. Қыз балалар көбінесе этникааралық қақтығыстардың, соғыстың, қанаушылықтың, трафиктің құрбанына айналып, репродуктивті денсаулық пен зорлық-зомбылықтан қорғау салаларындағы қажеттіліктермен қамтамасыз етілмей келеді. Мәселен, таяуда ғана Нигерияда “Боко Харам” исламдық қарулы тобының жасақшылары мектептегі 200-дей оқушы қызды ұрлап алып кеткен.

«Қыз балалар гендерлік негізде жаппай кемсітушіліктер мен зорлық-зомбылықтарға тап болуда. Өкінішке қарай, құқықтар мен оны жүзеге асыру арасында үлкен ара қашықтықтар орын алуда және көбінесе адам құқықтары бұзылады, ал қыз балалар ескерусіз қала береді. Осыған байланысты Мемлекет басшысының Қазақстанда бала құқықтары жөніндегі Уәкіл институтын құру жөнінде бізге өте таныс соңғы ұсынысы бала құқықтарын қорғаудың тиімді механизмі болып табылмақ», – деп атап өтеді Сорос-Қазақстан Қорының бағдарламалар директоры Аида Айдарқұлова.

«Жаңа қауіп-қатерлерді ескере келе біз мемлекетімізде және қоғамымызда бүгінгі жеткіншек қыздар болашақ ана, тәрбиеші, дәрігер және педагог қана емес, олар болашақ көшбасшылар, сайлаушылар және саясаткерлер, біздің қоғамдық ілгерілеуіміз де соларға байланысты болмақ деген пікірді қалыптастыруымыз қажет. Сондықтан да, қыз балалар қауіпсіздік және еркіндік жағдайында олардың әлеуетін көтеретін, жаңа білім мен технологияны игеру үшін біздің қолдау көрсетіп, мүмкіндік туғызатын аудиториямыз болуы керек», – дейді шараны ұйымдастырушы, Әйелдердің шығармашылық бастамасы Лигасы басқармасының төрайымы Әсия Хайрулина.

Семинарға халықаралық және қазақстандық озық сарапшылар қатысады. Олар Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның мемлекеттік органдарының, үкіметтік емес ұйымдарының, дін саласының, БАҚ пен этно-мәдени бірлестіктерінің қатысушы өкілдеріне өте өзекті проблемаларды: ерте жастағы және күштеп қиылатын некелер, трафик, ВИЧ/СПИД-ке жеткіншек қыздардың әлсіздігі бойынша өзекті ақпараттар ұсынады. «Қыз балалардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту және гендерлік теңдік үшін әйелдер бастамасы» коалициясын құру туралы ұсыныстар таныстырылады. Семинарға қатысушылар бірлескен іс-қимыл жоспарының жобасын әзірлейді. Онда әйелдерге қатысты кемсітушіліктерді жою жөніндегі БҰҰ-ның Конвенциясын сақтау туралы БҰҰ Комитетінің ұсыныстары мен қыз балалардың құқықтарын алға жылжытуға және гендердік теңдікке баса мән бере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің балаларды қорғау жүйесін жетілдіру жөніндегі соңғы өкімі негізгі бағыт ретінде қарастырылады.

Өтетін орны және күні: 2-3 қазан,  2014 жыл, «Алтын Қарғалы» қонақ үй-шипажайының мәжіліс залы,  Алматы қаласы  (Жандосов көш, 204). Анықтама үшін телефон: 8 777 640-63-22.