29/01/2014
Қазақстандағы жасөспірімдердің азаматтық білім деңгейі
28/01/2014
«Әлеуметтік үй»: менталдық ақаулары бар жастарды қоғамға ықпалдастыру
11/02/2014

Сорос-Қазақстан қорының жаңа стратегиясы

Алматы2014 жылғы 29 қаңтар – Сорос-Қазақстан Қоры (СҚҚ) 2014-2017 жылдарға арналған жаңа стратегияны жүзеге асыра бастайды. Жаңа стратегияаясында Қор өзі үшін дәстүрлі болып табылатын адам құқықтары, мемлекеттікқаржының ашықтығы, БАҚ дамуы мен жастар бастамаларын қолдау саласындағыжұмысты жалғастырумен қатар, «Қоғамдық саясат», «Жергілікті бюджет» және«Баршаға ашық қоғам» сынды жаңа бағдарламалық бағыттарды іске қосады.

Сорос-Қазақстан Қоры (СҚҚ) – 1995 жылы «Ашық қоғам» институтымен құрылған үкіметтік емес қайырымдылық қоры. Қор миссиясы – Қазақстанда ашық қоғам қағидаларын жылжыту. Қазақстанда жұмысын бастаған уақыттан бастап Сорос-Қазақстан қоры 70 миллионнан астам АҚШ доллары мөлшерінде гранттық қаражат бөлді. 2013 жылы шамамен 250 грантқа 350 млн. теңгеден астам сома көлемінде қаражат бөлінді.

Сорос-Қазақстан қорының Басқарма Төрағасы Антон Артемьев: «2013 жылы Қор басты мақсаты билік, бизнес және қоғамдық ұйымдар арасында толерантты қоғам мен ашық үкімет орнату жолында диалог орнату болып табылған төртжылдық стратегияны тәмамдады. Қор грант бөлумен қатар, мемлекеттік құрылымдарға паллиативтік көмек стандарттарын, инклюзивтік білім беру механизмдерін дайындау, сонымен қатар, Қазақстанда кен өндіруші өнеркәсіптерінің ашықтығы бастамаларын жүзеге асыруда сарапшылық көмек көрсетті».

«Жаңа стратегия аясында теңдік, әділдік, адам құқықтарын сақтау, мемлекеттік қаржының ашықтығы, толеранттылық пен азаматтық белсенділікті арттыру саласындағы сабақтастықты нығайту жолындағы жұмыс жалғасатынына қарамастан, алдағы төрт жылға Қор өз алдына жаңа бағдарламаларда көрініс тапқан үлкен мақсаттарды қойып отыр», – дейді СҚҚ-ның Қамқоршылар Кеңесінің Төрайымы Наргис Қасенова. «Бұл Қазақстанда қоғамдық саясаттың дамуы, психикалық ауытқулары бар адамдардың қоғамнан оқшаусыз өмір сүру, оқу және жұмыс істеу құқын жүзеге асыру, сонымен қатар жергілікті деңгейде бюджеттің ашықтығы мен есептілігінің үздік тәжірибелерін жасауға атсалысу болып табылады».

Толық ақпарат алу үшін Сорос-Қазақстан қорының Қоғаммен байланыс маманы Әйнел Қайназароваға 8 777 244 77 63 телефоны бойынша хабарласа аласыз.