Осы талдау шеңберінде кәмелетке толмаған аналар/ата-аналар құқықтарын қорғау жөніндегі заңнаманың толықтығы ғана емес, сонымен бірге осы құбылыстың этно-мәдени, әлеуметтік-экономикалық жақтары қарастырылған.
Зерттеудің тұжырымдары мен ұсыныстары кәмелетке толмаған аналардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерін қамтитын ҚР Отбасылық саясат аясындағы кешенді бағдарламаларын негіздеу үшін қолданылуы мүмкін.