Сот құқыққорғаушы Макс Боқаевты және азаматтық белсенді Талғат Аянды әрқайсысын бес жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сот үкімі Қазақстанның қылмыстық кодексінің үш баптары бойынша шығарылды: 174 б. 2 б. (Әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру»), 274 б. 4б. 2т. (қоғамдық іс-шараларды өткізу барысында жалған ақпарат тарату) және 400 б. (Жиналыстарды, митингілердi, пикеттерді, көше шерулерiн және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбiн бұзу). Шығарылған үкім тым қатал болып табылып, ҚР Конституциясымен кепілденген ой-пікір бостандығы, бейбіт жиындар өткізу еркіндігіне қауіп төндіреді.
Сорос-Қазақстан қоры ҚР қылмыстық кодексінде 174 баптың, адам құқықтары саласындағы ратификацияланған халықаралық шарттар аясында Қазақстанның алған міндеттемелеріне және халықаралық құқық қағидаларының үйлесімсіздігіне қатысты көптеген сындарына қарамастан сақталғанына үлкен алаңдаушылық білдіреді. ҚР ҚК 174 бабы әрекет еткен уақыт ішінде ол бойынша негізінен азаматтық белсенділер, құқыққорғаушылар және діни қайраткерлер жауапкершілікке тартылды. Өз кезегінде құқыққорғау және қоғамдық қызметі үшін азаматтық белсенділерді қудалауға жол берілмеуі керек.
Сорос-Қазақстан қоры Қазақстан билігін құқыққорғаушы Макс Боқаев пен азаматтық белсенді Талғат Аянға қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатып, үкімнің күшін жоюға шақырады. ҚР Үкіметін БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесіндегі екінші Әмбебап кезеңдік шолу барысында ҚР қатысты берілген ұсыныстарды жүзеге асыра бастауға шақырады, соның ішінде 50 т. с): «әлеуметтік, ұлттық, тектік-топтық немесе діни алауыздықты» қоздырумен байланысты екіұшты және кеңауқымды негізгі терминдерді анықтау.