23/02/2016
“Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” ҚР Заңының қабылдануына байланысты Сорос-Қазақстан қорының мәлімдемесі
03/12/2015
Сорос-Қазақстан қорының 2016 жылғы 21 мамырда орын алған адам құқықтарының бұзылуына байланысты мәлімдемесі
23/05/2016

Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның Мүгедектер құқықтары туралы Конвенциясын ратификациялау күніне жыл толуына орай

2015 жылғы 20 ақпан еліміз үшін елеулі оқиға орын алған, яғни, Қазақстан БҰҰ-ның Мүгедектер құқықтары туралы Конвенциясын ратификациялаған күн болды (бұдан әрі Конвенция).Сол арқылы еліміздегі ерекше мұқтаждықтары бар адамдардың жағдайын жақсарту үшін оң қадам жасалды.

Сорос-Қазақстан Қоры ратификацияның біржылдығы тұсында  ішкі заңнамаларға  Конвенцияның негізгі қағидалары мен нормаларын енгізу және қоғам өміріне мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қатысуына тең жағдайлар жасау жөніндегі мемлекеттің бастамасын тағы да қуана қарсы алады.

Мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ-ның Конвенциясы ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қатысты  кемсітушілікті жоюға  және олардың  еңбекке, ақпаратқа, денсаулық сақтау, білім беру және сот әділдігіне, сондай-ақ, шешімдер қабылдау процесіне қатысуға қолжетімділігі мәселелері бойынша құқықтарын іске асыруға бағытталған қағидалар мен нормалардан тұратын негізгі халықаралық құжаттардың бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасы соңғы жылдары мүгедектіктігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін бірқатар оңды  қадамдар жасады.  Мысалы, атқарушы органдарда ерекше мұқтаждықтары бар адамдардың қатысуымен қоғамдық кеңестер құру, инфрақұрылымды жақсарту,  білім алуға, медициналық және әлеуметтік қызметтерге қолжетімділікті жақсартты. Десек те, Конвенцияның барлық ережелерін жүзеге асыру бойынша елімізді үлкен жұмыс күтіп тұр. Осы ретте қазіргі күрделі экономикалық ахуал белгіленген реформаларды іске асыруда тосқауыл болмайды деп үміттенеміз.

Конвенция қабылдануының біржылдығына орай, біз барлық мүдделі тараптардың ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын ілгерілету мен қорғау мәселелерінде қосқан үлестері мен күш-жігерін тағы да атап өткіміз келеді. Өз кезегінде Сорос-Қазақстан қоры ерекше қажеттіліктері бар адамдардың қоғам өміріне толыққанды қатысуына атсалысатын түрлі бастамаларды ілгерілету жолындағы жұмысын жалғастыра береді.