23/11/2015
Қазақстан Республикасы «Балалардың денсаулығына және дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» заңының қабылдауына байланысты Сорос-Қазақстан қорының мәлімдемесі
04/03/2015
“Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” ҚР Заңының қабылдануына байланысты Сорос-Қазақстан қорының мәлімдемесі
03/12/2015

Қазақстан Республикасы «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» заңның қабылдануы бойынша Сорос-Қазақстан қорының мәлімдемесі

Сорос-Қазақстан қоры «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» заңның қабылдануын қуана қарсы алды. Бұл Қазақстан Республикасына «Ашық үкімет» (Open Government Partnership, OGP) жаһандық серіктестігіне қосылу мүмкіндігін береді.

OGP-ға мүше елдер ашық басқару қағидаларын енгізіп, өздеріне мемлекеттік қаржының ашықтығын арттыру, азаматтарды шешім қабылдауға тарту, жемқорлыққа қарсы тұру және мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту бойынша міндеттемелерді алады. OGP-ді жүзеге асыру үшін үкімет пен азаматтық қоғамның тұрақты әрі тиімді әрекеттесуін жүзеге асыру керек. OGP туралы толық ақпаратты http://www.opengovpartnership.org сайтынан ала аласыздар.

Сорос-Қазақстан қоры Қазақстанның әлемнің  аса дамыған 30 елінің қатарына қосылу мақсатына қолжеткізу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметін «Ашық үкімет» серіктесіне қосылуға шақырады. Өз тарапымыздан біз осы процеске қатысатын ұйымдарға біліктілік, плюрализм және инклюзивтілік қағидалары негізінде қолдау көрсетуге дайынбыз.