01/04/2012
ӨӨАБ халықаралық басқармасы Қазақстанның үміткер-елдің мәртебесін 2013 жылдың 15 тамызына дейін ұзартуда
23/02/2012
Сорос-Қазақстан Қорының «Аман-саулық» ұйымы аясында қалыптасқан жағдайға байланысты мәлімдемесі
22/01/2013

Құқық қорғаушы Е.А. Жовтиске қатысты жасалған рақымшылыққа байланысты Сорос-Қазақстан Қорының мәлімдемесі

3 ақпан 2012 ж. – Сорос-Қазақстан Қоры «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты рақымшылық жариялау туралы» заңның қабылдануын және нәтижесінде шығарылған Өскемен қаласы №2 сотының Евгений Жовтисті босату туралы шешімін қолдайды.

Әйгілі құқық қорғаушының көптен күтіліп отырған бостандыққа шығуы Қазақстанның азаматтық қоғамы мен халықаралық қауымдастық үшін айрықша маңызды оқиға болмақ.

Дегенмен, аталмыш рақымшылық актісі осындай жағдайға тап болған кез-келген азаматқа қатысты бірегей және әділетті сот қағидаларын ұстану мәселесін шешпейді.

Мемлекет заңдарын әділетсіз әрі таңдамалы негізде қолдану тәжірибесі қоғамның құқық қорғау органдары мен сот жүйесіне деген сенімсіздігін одан әрі үдете түсуде.

ҚР Конституциясында бекітілген заң алдында баршаның теңдігі қағидасын ұстана отырып, Сорос-Қазақстан Қоры Қазақстан Республикасы сот жүйесінің ашықтығын, бейтараптығы мен әділеттілігін қамтамасыз етуге үндеу жолдайды.