23/02/2012
Сорос-Қазақстан Қорының Қамқоршылық кеңесінің 2011 жылғы 28-желтоқсан күні ҚР Парламенті Сенатының «Телерадиохабар тарату туралы» Заңды қабылдауына қатысты мәлімдемесі
23/01/2012
Құқық қорғаушы Е.А. Жовтиске қатысты жасалған рақымшылыққа байланысты Сорос-Қазақстан Қорының мәлімдемесі
01/04/2012

ӨӨАБ халықаралық басқармасы Қазақстанның үміткер-елдің мәртебесін 2013 жылдың 15 тамызына дейін ұзартуда

Сорос-Қазақстан Қорының Өндіруші өнеркәсіптің ашықтығы бастамасы (ӨӨАБ) Халықаралық басқармасының Қазақстан Республикасына қатысты үміткер-елдің мәртебесінің мерзімін ұзарту туралы шешімі бойынша мәлімдемесі.

2012 ж. 23 ақпаны- Сорос-Қазақстан Қоры Өндіруші өнеркәсіптің ашықтығы бастамасы (ӨӨАБ) Халықаралық басқармасының Қазақстан Республикасы үшін үміткер-елдің мәртебесінің мерзімін 18 айға – 2013 жылдың 15 тамызына дейін ұзарту туралы шешімін қолдайды.

2005 жылы Қазақстан Республикасының Президенті еліміздің Өндіруші өнеркәсіптің ашықтығы бастамасына қосылғаны туралы мәлімдеді және Қазақстанның Бастаманың ұстанымдары мен ережелерін қолдайтынын көрсетті.

Қазақстанның ӨӨАБ-ға қосылған сәтінен бері 7 жыл ішінде ҚР Үкіметі, өндіруші компаниялар және азаматтық қоғам ұйымдары Мүдделі тараптардың ұлттық кеңесіне (МТҰК) бірігумен көптараптық диалогты ұйымдастыру мен өндіруші компаниялардың мемлекетке төлемдері туралы есептілігін жариялауда елеулі жетістіктерге қол жеткізді.

2011 жылдың ортасында ӨӨАБ-ны жүзеге асыру процесі күрт баяулады. Өкінішке орай, былтырғы жылдың соңында жіберіп алған уақыт мүдделі тараптарға осы бастаманың талаптарына сай болуына тәуелсіз баға беру процесін сәтті түрде аяқтауға мүмкіндік бермеді.

Сорос-Қазақстан Қоры барлық мүдделі тараптар белсенді және келісілген түрде жұмыс істеген жағдайда Қазақстан талаптардың барлығы 2013 жылдың 15 тамызына дейінгі мерзімде жедел орындап және ӨӨАБ-ның барлық стандарттарына сай келетін елдің мәртебесіне ие болады деген сенімде. Олай етпеген жағдайда Қазақстан халықаралық бастаманың құрамынан шығарылуы мүмкін.

ӨӨАБ-ның ұстанымдарына сүйену азаматтардың мемлекет органдарына деген сенімін нығайтады, табиғи ресурстарға бай елдерде табысты басқарудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, іскерлік климатқа жағымды әсерін тигізеді және азаматтардың қоғамдық маңызы бар ақпаратқа қатынау құқығын жүзеге асырады.

Сорос-Қазақстан Қоры бұдан арғы уақытта да Қазақстан Республикасында ӨӨАБ-ны жүзеге асыру процесіне жан-жақты көмек көрсетіп отырмақ.


Мәліметке арналған ақпарат:

ӨӨАБ (EITI) өндіру өнеркәсібі табысының ашықтығының халықаралық стандарты болып табылады. Бұл бастаманы жүзеге асыру табиғи ресурстарға бай елдердің үкіметтеріне өндіруші компаниялардың төлемдері туралы ақпаратты жариялауды ескереді. Артынша тәуелсіз үшінші тарап осы ақпаратты үкіметтер ұсынған табыс туралы деректермен салыстырады және қорытынды есепті жариялайды. Бұл ақпаратты жариялау шикізат секторынан түскен табысты басқару кезіндегі өз үкіметінің үлкен есептілігін қамтамасыз етіп отыруға мүмкіндік береді.
2004 жылдан бері Сорос-Қазақстан Қоры ӨӨАБ-ның Қазақстанда жүзеге асырылуын қолдайды және өндіруші компаниялардың Үкімет өкілдерімен және азаматтық қоғам ұйымдарымен белсенді түрде әрекеттеседі.