2020 жылдың 1 наурызынан бастап Сорос-Қазақстан қоры сұранымдарды қабылдау бойынша онлайн-жүйені іске қосты. Бұдан былай қор гранттарына қызығушылық танытқан үміткерлердің бәрі https://application.soros.kz/ сайтына тіркелуі керек.
Сайтта өзіңізге қажет Бағдарламаны/Бастаманы, сосын сұранымның түрін (байқау, байқаудан тыс сұраным, жол жүру гранты) таңдауыңыз және онлайн-сұранымды толтыруыңыз қажет. Осы әрекеттің бәрін дұрыс орындаған тұлғаға сұранымның жүйеге қабылданғандығы туралы ескертпе келеді. Онлайн-сұранымды толтыру бойынша нұсқаулықты мына жерден көре аласыздар. Қандайда бір себептерге байланысты онлайн сұранымды толтыра алмай жатсаңыз, онда бізге application@soros.kz поштасына хабарласуларыңызды сұраймыз.
Біз жылдың соңына дейін толтырылған сұранымдарды электрондық пошта арқылы қабылдай береміз. Десек те, сұранымыңыздың тіркелуі үшін сізге міндетті түрде сұранымды онлайн-жүйе арқылы да қоса толтыру керек.
Қорға сұраным жіберудің ақырғы мерзімі – шетелдегі шараға 45 күнтізбелік күннен кем емес уақытта, ал Қазақстан мен ТМД елдерінде өтетін шараға 20 күнтізбелік күн бұрын жіберген жөн.
Грант сұранымдарын application@soros.kz және sorosapplication@gmail.com электрондық пошталарына жіберу керек.
Көрсетілген уақыттан кеш келіп түскен сұранымдар қарастырылмайды.
Тіркелген файлдар