16/02/2018
Грант бойынша тауар-материалдық құндылықтарды тапсыру
01/02/2018

Гранттарды берудің жалпы рәсімдері

СҚҚ-ның тиісті бағдарламасының Сарапшылар комитетімен және/не Қамқоршылар кеңесімен Өтінімді қолдау туралы шешім қабылданған жағдайда, Гранталушыға грант Ізденушінің Сұранымына негізделе отырып берілетін болады.

Грант СҚҚ-ның өтінімдерді қабылдау тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ оларды қарастыру критерийлерін өз бетінше белгілейтін өтінімді қарастыру сәтінде жүзеге асырып отырған бастамалары мен бағдарламалары шеңберінде бөлінеді.

Гранттар байқаулық негізде не байқаудан тыс түрде ұсынылады.

Гранттардың барлығы Гранталушыларға осы ресімдерге қатаң сәйкестікте ұсынылады, және олар келесі қадамдардан құралады:

1-қадам. Сұранымды тіркеу. Ізденуші СҚҚ-ға жеке не заңды тұлғаларға арналған белгіленген үлгідегі Сұранымды және оны уақтылы және дұрыс қарастыру үшін қажет етілетін құжаттарды ұсынады (құжаттардың тізімі өтінімнің пішімінде көрсетілген). application@soros.kz электрондық мекенжайына, СҚҚ-ның пошталық мекенжайына не Қордың кеңсесіне келіп түскен сұарнымдардың барлығын СҚҚ-ның Гранттар жөніндегі Менеджері тіркейді.

2-қадамСұранымдықарауСұранымдарды тиісті бағдарламалардың Сарапшылар комитеті қарайды. Сұранымдар бойынша пікірлер мен қабылданған шешімдер Сарапшылар комитеті отырысының хаттамасына тіркеледі. СҚҚ Ізденушіден қосымша құжаттарды және/не ұсыныстарды, сондай-ақ Ізденушінің мүмкіндіктерін түсіндіретін кез келген ақпаратты сұрата алады. Егер Ізденушінің Гранттық тарихы болмаса, Сарапшылар комитеті және/не Қамқоршылар кеңесі Ізденушінің ұсынған жобасын жүзеге асыру бойынша мүмкіндіктерін бағалау үшін грант ұсыну алдындағы зерттеу шараларын тағайындауы мүмкін.

3-қадамШешімқабылдауҚарауға арнап ұсынылған сұранымдар бойынша шешімдердің барлығын тиісті бағдарламаның Сарапшылар комитеті қабылдайды. Қамқоршылар Кеңесі белгілеген лимиттен асып кеткен, мүдделер қақтығысы туындаған не Қамқоршылар кеңесінің қауымдасқан мүшесі қабылданған шешіммен келіспеген және т.б. жағдайда Сарапшылар комитеті сұранымды СҚҚ-ның Қамқоршылар кеңесіне жібереді. Қабылданған шешімдердің барлығы Сарапшылар комитетінің және/не СҚҚ Қамқоршылар Кеңесі отырыстарының хаттамасына енгізілуі тиіс. Бағдарлама бөлімінің қызметкерлері Ізденушіні Сұранымға қатысты қабылданған шешімдер туралы хабардар етеді. Бөлінген Гранттар туралы ақпарат СҚҚ-ның ресми сайтында және СҚҚ Жылдық есебінде жарияланады. Бөлінген гранттар туралы ақпарат сайтқа гранттарды басқару жүйесіне тиісті хаттаманы енгізгеннен кейінгі 10 (он) жұмыс күні ішінде орнастырылады.

Егер грантты СҚҚ мен Құрылтайшы бірлескен түрде ұсынып отырған болса,  Сұраным тиісті бағдарламаның Сарапшылар комитетінің, және қажет болған жағдайда Қамқоршылар кеңесінің, ал артынша Құрылтайшы тарапынан алдын-ала қаралуы тиіс. Бағдарлама бөлімінің қызметкері Ізденушіден Сұранымның ағылшын тіліндегі мәтіні мен өзге де қажетті құжаттарды сұратуға құқылы.

Егер грантқа қатысты сұраным қабылданбаған болса, бағдарлама бөлімінің қызметкері ізденушіні қабылданған шешім туралы гранттарды басқару жүйесіне тиісті хаттаманы енгізгеннен кейінгі 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде ресми хат түрінде хабардар етеді.

4-қадамГранттырәсімдеу. Бағдарлама бөлімінің қызметкері Ізденушімен грантқа қатысты мәселелер мен мән-жайлардың барлығын келіседі, гранттарды басқару жүйесіне қажетті өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, барлық жетіспейтін құжаттарды сұратады. Гранттар жөніндегі менеджер Гранттық келісімшартты әзірлейді, Бағдарлама бөлімінің қызметкері артынша оған Ізденушінің қолын қойдырады. Гранттық келісімшартпен бірге келісімшарттың барлық қосымшаларына, сондай-ақ қажет болған жағдайда авторлық құқықтарды беру туралы келісімге қол қойылады.

Сұранымды қарастыру сәтінде тауарлар мен қызметтердің қолданыстағы бағасына сүйене отырып үйлестіруші бюджеттің тиімділігіне баға беруге, және қажет болған жағдайда гранттың сомасын азайтуға ұсыныс жасауға міндетті. Гранттың бюджетін Сарапшылар Комитеті бекітеді, ал шешім тиісті отырыстың хаттамасына тіркеумен рәсімделеді.

5-қадамГранттыәкімгерлеу. Бұл кезеңде Бағдарлама бөлімінің қызметкері грант бойынша төлемдерді жүргізеді, шығармашылық және қаржылық есептерді алады, ұсынылған ақпараттық дұрыстығын тексереді. Қажетіне қарай Бағдарлама бөлімінің қызметкері және/не жобаларға мониторинг жүргізу, баға беру және талдау жөніндегі үйлестіруші Гранталушыға жобаны басқару мәселелері бойынша кеңес береді және жобаны сәтті түрде жүзеге асыру үшін қажетті өзге қолдауды ұсынады.

Гранттар бойынша ҚР Ұлттық банкінің бағамы бойынша 1 500 (мың бес жүз) АҚШ долларынан асатын соманың тауарларын не қызметтерін сатып алған жағдайда  грант алушы тендер өткізеді. Тендердің тиісті түрде өткізілуін бақылау ісі бағдарлама бөлімінің қызметкері мен гранттар жөніндегі менеджерге жүктеледі.

6-қадам. Грантқа мониторинг жүргізу және баға беру. Бағдарлама бөлімінің қызметкері Гранттық келісімшарттың орындалуына мониторинг жүргізеді, бұл жағдайда ол Грант қаражаттарының болуы мен нысаналы түрде жұмсалуын, қаржылық құжаттаманы, Грант қызметінің сұранымда көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігін тексереді. Жобаларға мониторинг жүргізу, баға беру және талдау жөніндегі үйлестіруші мониторингті келесі жағдайларда жүзеге асырады:

–    СҚҚ Қамқоршылық Кеңесімен бекітілген гранттар үшін;

–    Үшінші тараптармен бірге қаржыландырылатын гранттар үшін;

–    Гранттар жөніндегі менеджердің, бағдарламалар директорының, басқарма төрағасының сұрауы бойынша кез келген гранттар үшін.

Бағдарлама бөлімінің қызметкері Грант алушыны алдын ала хабардар етумен не хабардар етусіз Грантқа кез келген сәтте мониторинг жүргізе алады.

Жоба қызметі семинар, тренинг, конференция не уақыт шеңберімен шектелген өзге шараны өткізуді қамтитын Келісімшартты орындау кезінде СҚҚ өкілінің мониторингті тікелей шара кезінде жүргізуіне болады.

Гранталушы мониторингтің нәтижелерімен таныстырылуы тиіс.

Мониторинг туралы есепте Келісімшарт шарттарының орындалуына қанағаттандырарлықсыз баға беру Грантты кері қайтарып алу туралы мәселенің қойылуына негіздеме болып табылады. Мониторингтің нәтижелері туралы есеп гранттарды басқару жүйесіне енгізіледі.

7-қадам. Грантты жабу. Бағдарлама бөлімінің қызметкері Грантты ұсыну жөніндегі ақпараттың дұрыс екендігіне көз жеткізгеннен кейін Гранталушының қаржылық және шығармашылық есептерін қабылдап, мақұлдайды. Грант СҚҚ ақырғы қаржылық есеп пен Келісімшартта және сұранымда ескерілген шаралардың жүзеге асырылғаны туралы есепті мақұлдаған деген шартпен жабық деп есептеледі. Егер қаржылық есеп Грант сомасының 98 (тоқсан сегіз) пайызынан аз, алайда ары кеткенде 10 000 (он мың) теңге сомаға ұсынылған болса, Грантты жабуға жол берілмейді. Бағдарлама бөлімінің қызметкері гранттың орындалуы туралы өз түсіндірмелерін гранттарды басқару жүйесіне (GMS) енгізіп отыруы тиіс.