«Бәріне арналған мектеп» Қоғамдық Білім беру қоры HertsCam қауымдастығы (Ұлыбритания) және Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебімен серіктестікте «Қазақстан ұстаздарының көшбасшылығын дамыту» халықаралық жобасы аясында (Teacher Leadership in Kazakhstan) 2021 жылдың 12 маусымында онлайн форматында Халықаралық конференция өткізді. Жоба Сорос-Қазақстан қорының қаржылық қолдауымен жүзеге асырылады.
Конференция Қазақстан мектептерінде жүзеге асырылып жатқан осы жобаның екі жылдық жұмысын қорытындылауға бағытталды. Қатысушылар өздерінің кәсіби мәселелері туралы әңгімелеп, Қазақстанның басқа аймақтарындағы әріптестерімен қатар, Ұлыбритания, Малайзия және Египеттегі ұстаздармен де пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісе алды.
Конференцияға қатысушылар: Қазақстан Республикасының бес аймағының (Нұр-Сұлтан, Алматы, Көкшетау, Тараз қалалары және Алматы облысы) он бес орта мектептерінің мұғалімдері, фасилитаторлары (мектеп директорларының орынбасарлары) және директорлары. Конференцияға Қазақстан Республикасының облыстық білім беруді басқару органдарының өкілдері шақырылды.
Конференцияда кіріспе сөзбен сөйлегендер: Сорос-Қазақстан қорының Басқарма төрайымы – Аида Айдарқұлова, Ұлыбритания, Кембридж университетінің Вольфсон колледжінің құрметті мүшесі және HertsCam желісінің негізін қалаушы – Д-р Дэвид Фрост, Ұлыбритания, HertsCam қауымдастығының директоры – Джо Халлгартен, Ұлыбритания, HertsCam қауымдастығының «Ұстаз жетекшілігімен жүргізілетін дамыту жұмысы жобасының» жетекшісі – Шила Болл, Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің зерттеу тобының өкілдері.
«Біз жобаға қатысушы 363 мұғалім, 15 мектеп директоры және 30 мектеп директорының орынбасарлары Ұстаздар көшбасшылығын дамыту идеясына қатысу мүмкіндігін ғана алып қойған жоқ, сонымен қатар өздерінің мектепте өзгерістер жасай алатындығына сенді, білім беру саласында реформалар жүргізетін білім беру үдерістерін іштен білетін және түсінетін мұғалімдер екеніне көз жеткізді деп айта аламыз», – дейді «Бәріне арналған мектеп» Қоғамдық Білім беру қорының директоры Гүлбадан Закаева.
«Біз мұғалімдердің өздерін және мектебін жетілдіруге деген ұмтылысына қолдау көрсету арқылы үздіксіз кәсіби дамудың мектепішілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Қазақстан ұстаздарының көшбасшылығын дамыту» бағдарламасы ұстаздардың өздері және бүкіл қоғам асыға күтетін өзгерістердің маңызды компоненттерінің бірі болып табылады деген сенімдеміз» – дейді Сорос-Қазақстан қорының Басқарма төрайымы Аида Айдарқұлова.