17/05/2021
Раиса Сайран Кадер
Раиса Сайран Қадер
02/02/2021

Д-р Дмитрий Нурумов

Доктор Нурумов қазіргі уақытта Қазақстанның жетекші тәуелсіз сараптама орталықтарының бірі – Құқықтық саясатты зерттеу орталығының (LPRC) аға заң кеңесшісі қызметін атқарады.

Ол аймақтағы ұлттық үкіметтерге, халықаралық ұйымдарға және үкіметтік емес ұйымдарға шиеленістердің алдын-алу және алдын-ала ескерту, аз ұлттар мәселелері, адам құқығы мен қылмыстық сот төрелігі, қылмыстық сот төрелігінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану сұрақтары бойынша кеңес береді.

2015-2016 жылдар арасында Дмитрий Нурумов ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссарының (ЕҚЫҰ/АҰЖК) Украина бойынша арнайы кеңесшісі қызметін атқарды. 2011 жылы ол ЕҚЫҰ/АҰЖК-на заң кеңесшісі ретінде қосылды. Бұған дейін ол ДИАҚБ-ның Заңның үстемдігі бөлімінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның Орталық Азиядағы заңның үстемдігі бағдарламасының үйлестірушісі ретінде жұмыс істеді. 2001-2003 жылдар аралығында Дмитрий Нурумов ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ғы жұмысына дейін Алматыдағы ЕҚЫҰ Орталығының құқықтық сарапшысы ызметін атқарды. Ол сонымен бірге Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҚҰ) және Қазақстандағы жергілікті ҮЕҰ-да жұмыс істеді.

2000 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (МГИМО) Халықаралық жария құқық магистрі дәрежесін иеленген.

Дмитрий Нурумов – қылмыстық іс жүргізу, адам құқықтары және конституциялық заңдар бойынша басылымдардың авторы және редакторы. Ол Халықаралық реформа кеңесінің құрамына (Лондон) кіреді.