24/02/2021
“Зерттеушіге өз жұмысын жасауға кедергі келтіруге болмайды”
24/02/2021
Қазақстан геномдық тіркеуді енгізуге қаншалықты дайын?
25/02/2021

Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік: ҚР шағын жинақты мектептерін реформалау саясатының талдамасы

Назарларыңызға PPI жобасының түлегі Жаслан Нұрбаевтың “Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік: ҚР шағын жинақты мектептерін реформалау саясатының талдамасы” зерттеуін ұсынамыз.

Мақсат зерттеудегі ШЖМ-ға қатысты мемлекеттік саясатты және ШЖМ-дағы білім сапасын арттыруға, сол арқылы орта білім беру жүйесіндегі теңсіздікті қысқартуға бағытталған реформаларды кешенді зерделеу болып табылады.

Зерттеуде Қостанай және Қарағанды облыстарындағы ШЖМ-ға басты назар аударылады. Бұл аймақтарды таңдау ШЖМ және ресурстық орталықтардың (тірек мектептердің) көп санының осы аймақтарда шоғырлануына байланысты болып табылады. Қатарынан бірнеше ШЖМ-ға назар аудару, ШЖМ сапасын арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасының шағын жинақты мектептерін реформалау саясатының талдамасы мемлекеттік жобалар мен бағдарламаларды іске асыру кезінде мектептер бетпе-бет келетін қиындықтар мен кедергілердің себептерін тереңірек ашуға мүмкіндік береді.

“Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік: ҚР шағын жинақты мектептерін реформалау саясатының талдамасы” зерттеуін мына сілтеме арқылы жүктей аласыздар.