НЬЮ-ЙОРК – АҚШ-тағы коронавирусқа қарсы стратегияны, нақтырақ айтсақ сол стратегияның жоқтығын сынға алу оңай іс. Жоққа шығару, уақытты шегеру, ішкі саяси келеңсіздіктер, жүйедегі қателіктердің барлығы АҚШ-тағы 100 000 адамның өліміне әкеп соғып, әлеуметтік және экономикалық дағдарысты тереңдете түсті. Наурыз айынан бастап 40 млн жұмысшы, яғни әрбір төртінші адам жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақыға өтініш берген. Ал енді АҚШ азаматтарына мемлекеттерінің мүлдем дайын еместігіне қарамастан «қалыпты» өмірге қайта оралулары керек деп айтып жатыр.
АҚШ-тың пандемияға қарсы әрекеттеріндегі қателіктер тек қана ішкі гипер-партияллық саясатқа байланысты емес. Америкалық апаттың тамыры тереңде жатыр.
Анығын айтсақ, кінәнің көбі партиядан: республикашылдардың оппозициясына қарамастан демократтар жұмыссыздар, кедейлер, ауру адамдар, сондай-ақ, қоғамның өзге де әлсіз тобын тікелей қолдау арқылы құрылымы ескірген АҚШ-тың әлеуметтік қорғау жүйесін жаңартпақшы. Дегенмен демократтар да АҚШ үкіметінің нарық өздігінен өндіріп, тасымалдау қызметін жүргізе алмайтын жеке меншік сектордың әлеуметтік қажетті тауар мен қызмет көрсету жұмысын басқару мен төлемақы жасауға шақырудан бас тартты.
Үкіметтен «тауармен қамтуды» талап ету керек деген мәлімдеме –аяқ киімнің нақты қандай түрі, стилі мен формасы, тіпті өлшемі қандай болу керектігін шешетін Кеңес үкіметінің басқару стилін еске түсіреді. Әлбетте, мұндай жолмен үкімет нарықтың жеке тауарға қатысты шешіміне кіріспегені дұрыс. Бұған ұқсас әрекеттер командалық экономикаға тән қолдан жасалған жетіспеушілікке алып келеді. Десе де, үкіметтің капиталистік экономикасы кейбір тауар мен қызмет түрлерімен қамтамасыз етуде маңызды рөлге ие.
Қоғамы игілігі үшін жасалатын ұлттық қауіпсіздік сияқты жұмыстар тікелей үкіметтің мойынында. Шын мәнісінде, АҚШ-та қорғанысқа қажет тауарларды мемлекеттік сектор өндірмейді; үкімет бұл жұмысты жеке меншік секторға тапсырады. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде президент Франклин Рузвельтке АҚШ экономикасын басқаруға орасан зор өкілеттік берген «Әскери өкілеттік туралы» заңның қазіргі моделі болып есептелетін 1950 жылы қабылданған «Қорғаныс өнеркәсібі туралы» америкалық заң өте сирек қолданылады деуге келмейді. Аталған заң аясында АҚШ әскері жыл сайын 300 000 тапсырыс жасайды және ол президент Дональд Трамп кезінде де жүзеге асып келеді.
Трамп әкімшілігі «Қорғаныс өнеркәсібі туралы» заңды пандемияға қарсы қолданғысы келмейді. Бұл заң кей жағдайда ғана, атап айтсақ, 3М компаниясына АҚШ үкіметінің N95 маскасын өндіру туралы тапсырмасын бірінші орындауға мәжбір етіп немесе компанияға маска экпортына тыйым салуға, General Motors (GM) компаниясына жасанды тыныс алу аппаратын өндіруге міндеттеу кезінде қолданылады.
Трамп әкімшілігінің «Қорғаныс өнеркәсібі туралы» заңды қолдану әдісі әсіре басқыншылық пен жартылай басқыншылық сипатта орын алды. Президент әкімшілігі өзінің қатаң бақылау-басқару құзыретіне сүйеніп, бұл заңды 3M, GM компанияларына қарсы қолданды. Үкімет жай ғана жеке меншік секторға не істеу керектігі туралы бұйрық берді.
Үкіметтің орасан зор билігін аса қатал пәрмен беруге алмастыру керек: үкімет жеке меншік сектордың қоғам үшін пайдалы тауар өндіруге түрткі жасауы тиіс. Мысалы, Германияэкономикаға қолдау көрсету аясында мемлекеттік сатып алуға кепіл енгізді. Мақсаты айқын – неміс компанияларына медициналық материалдар мен құралдар өндіруді бұйырудың орнына солай әрекет етуге жағдай жасау.
Мұндай шара корпорациялардың шынайы инновациялық жұмысы мен кәсіпкерлердің жасампаздығының төмендеуіне әсер етпейді. Алкоголь өнімдерін өндірумен айналысып, кейін санитайзер жасауға көшкен жергілікті зауытты, немесе маска жасауды бастаған кофе фильтрін өндіруші кәсіпорындарға барлығымыз бірлесіп алғыс айтуымыз керек. Бірақ өздігінше әрекет ету таңдауы болса, нарық жеке қорғаныс құралдарын, жасанды тыныс алу аппараттарын немесе терапевтік дәрілерді қажетті мөлшерде өндірмейді. Сол сияқты, уақыты келіп тұрса да, әмбебап вакцинация жасауға кепілдік бере алмайды.
АҚШ үкіметінің позициясы Германиямен салыстырғанда осал емес. «Қорғаныс өнеркәсібі туралы» заңның 3-ші бөліміне сәйкес, оның құзырында да неміс заңындағыдай құрал бар: федералды сатып алу кепілі. Мұндай өкілеттіктен бас тарту өте қауіпті идеологиялық адасудың салдарын көрсетеді.
Маска, жасанды тыныс алу аппараттары, вакцинацияның барлығы жеке бір адамның немесе тұтас қоғам игілігіне жатпайды. Олар аяқ киім сияқты емес: егер біреу үлкен өлшемде күлгін түсті туфлиді қаласа, басқа адамдардың сән туралы көзқарасын кемсітуі мүмкін, бірақ бұдан бөлек я жағымсыз, я жағымды сыртқы әсер қалыптастырмайды. Және ол бәсекелесі жоқ, сөзсіз қоғам қажеттілігі саналатын ауаға да ұқсамайды. Маска, жасанды тыныс алу аппараттары, вакцинация – қоғамдық игіліктер, қоғамға пайдасы зор және үкімет еш ойланбастан олардың жеткізілуін қамтамасыз етуі керек.
Көп жағдайда жеке меншік сектордың қоғамды осы аталған қоғамдық игіліктермен қамтуы үшін үкімет тарапынан өте мықты ынталандыру қажет. Осы орайда коронавируспен күрес жалғыз мысал емес. Климат өзгерісінің салдарын азайту немесе оған бейімделу технологиясы туралы да солай деуге болады. Бұл –барлығының мүддесі үшін жеке меншік сектор өз бетімен шеше алмайтын жүйедегі қателіктердің бірі.
Мәселе Covid-19 немесе климат өзгересіне қарасты болмасын, корпорацияның ерікті жұмысы немесе қайырымдылық бұл жерде ештеңе шеше алмайды. Американың атақты жеке меншік секторының динамизмін толық пайдаға асыру үшін федералды үкімет билігін энергия мен жеке меншік капиталды ауқымды әлеуметтік шараны қолдау жұмысына бағыттау мақсатында қолдану қажет.
Әзірге АҚШ федералды үкіметінің Covid-19 індетіне қарсы күресі вирус жұқтырған адамдарды анықтауда, вирустың таралуын тоқтату немесе пандемияның экономикалық салдарын жою мәселесінде қажет дайындықтың болмауы сынды қателіктерден тұрады. Оның жалғасы ретінде көлемі 2 трлн доллар болатын төтенше жағдай кезінде көмек көрсету туралы заңнаманы айтуға болады. Аталған заңнама экономикалық құлдыраудың басты себебін жою үшін жеке меншік сектор күшін мобилизациялауға бір цент те қарастырмайды. Сайып келгенде, коронавирусты жеңуден артық экономикалық ынталандыру жоқ.
Климат өзгерісіндегі проблемаларды шешу мәселесіндегідей бұл мақсатқа жетуде де үкіметтің рөлін ұғыну өте маңызды. Заманның гүлденген шағында Кеңес үкіметінің командалық экономика стилі іске жарамсыз. Бірақ Covid-19 дертінің кесірінен туындаған дағдарыс адамдарды қажетті қоғамдық игіліктермен қамтамасыз етуде Американың капиталистік экономикасының дәрменсіз екенін көрсетті. Қоғамдық игілікпен қамту үшін жеке меншік секторының маңызын дұрыс түсінетін белсенді үкімет керек.
Roman Frydman, Professor of Economics at New York University, is the co-author of Imperfect Knowledge Economics and Beyond Mechanical Markets.
Gernot Wagner is a professor at New York University and the co-author of Climate Shock and author of But Will the Planet Notice?