Сорос-Қазақстан қорына жобаны қаржыландыру туралы өтінім беру арқылы өтінім беруші – жеке тұлға немесе заңды тұлға – өтінім берушінің жетекшісі (бұдан әрі – «Өтінім беруші», келісімшарт бекітілгеннен кейін – «Грант алушы») өзінің жеке деректерін жинауға және өңдеуге келісім береді, яғни Қордың дербес деректерді жинақтау, сақтау, өзгерту, толықтыру, пайдалану, тарату, иесіздендіру, бұғаттау және жоюды қоса алғандағы, Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы №94-V заңында көзделген әрекеттерді жүзеге асыруына келісім береді.
Өтінім беру кезеңінде Сорос-Қазақстан қоры өтінімді шешім қабылдайтын тұлғалардың қарауына даярлауға және жобаның өзін талқылауға қажетті мағұлматтарды сұратады. Өтінім талқылаудан өтіп, оң шешім тапқан жағдайда, Сорос-Қазақстан қоры Өтінім берушіден келісімшарт рәсімдеуге және оны орындауға қажетті, сондай-ақ, ҚР салық органдарына одан әрі есеп беру үшін керек болатын қосымша мәліметтер сұратуға құқылы.
Дербес деректерді жинау мен өңдеудің мақсаты:
1-мақсат: Шешім қабылдайтын тұлғалардың өтінімді қарау рәсімін ұйымдастыру үшін (Қордың сәйкес бағдарламалары/бастамаларының сарапшылар комитеті және қажет болған жағдайда Қамқоршылар кеңесі);
2-мақсат: Жоба оң шешімін тапқан жағдайда, келісімшарт рәсімдеу және сол шартқа сәйкес төлем жүргізу үшін;
3-мақсат: Ашық қоғам қорлары желісінің гранттық-басқару жүйесіне енгізу үшін және Қордың міндеттемелерін орындау жөніндегі келісімшарты мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес операциялар үшін;
4-мақсат: ҚР мемлекеттік органдарына есеп тапсыру үшін;
5-мақсат: Жалпыға қолжетімді ресурстарда жылдық есеп жариялау үшін;
6-мақсат: Өтінім беруші және Грант алушымен коммуникация орнату үшін қажет.
Дербес деректердің түрі (типі) және қолдану мақсаты:
1. Аты-жөні, тегі – 1,2,3,4,5 және 6-мақсат үшін («Дербес деректерді жинау мен өңдеудің мақсаты»);
2. Туған күні, айы, жылы – 1 және 3-мақсат үшін («Дербес деректерді жинау мен өңдеудің мақсаты»);
3. Туған жері – 1 және 3-мақсат үшін («Дербес деректерді жинау мен өңдеудің мақсаты»);
4. ЖСН – 2,3 және 4 мақсат үшін («Дербес деректерді жинау мен өңдеудің мақсаты»);
5. Жеке тұлғаны куәландыратын құжат мәліметтері: серия, номері, берілген күні, жарамды мерзімі және берген мекеме – 2 және 3-мақсат үшін («Дербес деректерді жинау мен өңдеудің мақсаты»);
6. Тұрғылық және тіркеуде тұрған жері – 2,3 және 6-мақсат үшін («Дербес деректерді жинау мен өңдеудің мақсаты»);
7. Электронды пошта мекенжайы – 3 және 6-мақсат үшін («Дербес деректерді жинау мен өңдеудің мақсаты»);
8. Ұялы телефон номері – 3 және 6-мақсат үшін («Дербес деректерді жинау мен өңдеудің мақсаты»);
9. Азаматтығы – 1,3 және 4-мақсат үшін («Дербес деректерді жинау мен өңдеудің мақсаты»);
10. Банк деректері – 2,3 және 4-мақсат үшін («Дербес деректерді жинау мен өңдеудің мақсаты»).
Өтінім қабылданған жағдайда, Грант алушы келісімшартқа қол қою арқылы шартта қамтылған деректер немесе келісімшартты талқылау және бекіту барысында немесе тараптардың шарт міндеттерін орындауы кезінде Қор үшін қолжетімді болатын мәліметтер мазмұны Грант алушының дербес деректерін қамтуы мүмкін екенін және ол деректер үшінші тұлғалар үшін, соның ішінде мемлекеттік органдар, Ашық қоғам қорлары желісіне кіретін ұйымдар мен олардың Қазақстан Республикасы аумағында және дербес деректерді қорғау жөніндегі қажетті шаралар қабылдау мен қауіпсіздік шараларын сақтай отырып оның аумағынан тыс орналасқан Ашық қоғам қорларының әкімшілік қызметін жүзеге асыру үшін пайдаланылатын бұлт провайдерлері немесе осы тектес ортақ платформаларды қамтитын мәліметтер базасының операторлары үшін қолжетімді болатынын түсінеді және мұнымен келіседі.
Өтінім беру және келісімшартқа қол қою арқылы Өтінім беруші/Грант алушы өзінің дербес деректерін жинауға, өңдеуге, соның ішінде Қордың, Ашық қоғам қорлары желісінің және оның мәліметтер базасы операторларының жоғарыда аталған көлемде және мақсатта дербес деректерді пайдалануына, сақтауына, таратуына (соның ішінде трансшекаралық) жазбаша келісім береді. Бұл келісім өтінімді қарау кезінде және келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық және салықтық заңнамасына сәйкес мерзімі ескірген уақытқа дейін жарамды және ол Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келсе немесе міндеті дұрыс орындалмаса, қайтарылмайды. Сондай-ақ, Өтінім беруші/Грант алушы Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы №94-V заңында бекітілген дербес деректер субъектілерінің құқықтарымен танысқанын растайды.