Бұл басылымдар Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросы дайындады, ол ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің кейбір тілдеріне аударылды. Алайда бүгінгі күнге дейін құжаттың қазақ тіліндегі нұсқасы болған жоқ.
Сорос-Қазақстан қорының негізгі мақсаты – мемлекеттік тілді дамыту және адам құқықтары мен заң үстемдігі туралы материалдарды таратуға атсалысу. Сондықтан осы басылымның қазақ тілінде шығуына қуана қолдау білдірдік.
Басылым азаматтық қоғам, мемлекеттік құрылым өкілдеріне, сайлауды бақылау шыларға, заңгерлерге, студенттерге және Қазақстан Республикасында сайлау мен сайлау құқығы мәселесіне қызығушылық білдіретін жандарға арналады.
Нұсқаулықтарды келесі сілтемелер арқылы жүктей аласыздар: