25/04/2019
Подопригора Роман Анатольевич
01/06/2018
Вячеслав Абрамов
15/05/2018

Мұхтар Сеңгірбай

Алматыдағы Сүлеймен Демирел университетінің (СДУ) ассистент-профессоры, Сорос-Қазақстан қоры қамқоршылар кеңесінің мүшесі.

Саясаттану саласы  бойынша Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың PhD дәрежесі бар (2013 жыл), Ұлыбританиядағы Абердин университетінің ғаламдық дау-дамай (конфликт) және әлемдік процесстер ғылымының магистрі (2016 жыл), сондай-ақ, Тбилисидегі (Грузия) Қоғаммен байланыс жөніндегі Грузин институтының журналистика және БАҚ-ты басқару саласының магистрі (2009 жыл).

Зерттеуінің негізгі тақырыптары этникалық қарым-қатынас пен бұрыңғы КСРО аумағындағы дау-дамай; Орта Азиядағы ұлттық, діни және этникалық бірегейлік, радикализация, ішкі-сыртқы қарсылық мәселелеріне арналды. Сүлеймен Демирел университетінің студенттеріне саясаттану, конфликтология және дау-дамай мәселелерін түсіндіру пәндерінен дәріс оқиды. Бұдан бөлек, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарына, еліміздегі өзге де мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдарға саяси талдаулар дайындап, кеңес береді.

Қазақстандағы бірқатар БАҚ-та, атап айтсақ, «Жас Алаш», «Түркістан» газеттері мен «Хабар» арнасында (2001-2008) корреспондент, редактор болып қызмет атқарған. 2009-2012 жылдары Алматыдағы АҚШ-тың Бас консулдығында БАҚ маманы ретінде жұмыс істеді. Қазақстанның саяси, әлеуметтік мәселелері турасында көп жазады. «Методы предотвращения и урегулирования этнических конфликтов» атты монографиясы 2015 жылы Алматыда жарық көрді. Еліміздің жастары жөнінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі даярлаған Ұлттық баяндаманың (2016 ж.), сонымен қатар, MediaNet журналистика орталығы басып шығарған «Практическая журналистика» (2017 ж.) кітабының қосымша авторы. Джордж Вашингтон университетінің (АҚШ) Ортаазия бағдарламасы жүзеге асыратын Q-Analytics жобасының авторы, мақалалары Қазақстандағы «Радио Свобода» басылымына жарияланып тұрады.

 

Бүгінде дау-дамайлардың оңтайлы шешімін табу, бейбіт журналистика тақырыптары бойынша Қазақстанның Діни басқармасы, «Нұр Отан» партиясының менеджмент мектебі, MediaNet журналистика мектебі және тағы басқа әртүрлі ұйымдарға семинар-тренингтер өткізеді.