Тренинг Сорос–Қазақстан қорының Ақпараттық бағдарламасы аясында Human Constanta белорус құқыққорғау ұйымымен серіктестікте өтуде. Аталмыш тренинг адамның интернеттегі құқықтары мен бостандықтарын қорғауға арналған кездесулер желісінің жалғасы.
«Бүгін бізде елдерімізде цифрлы бостандықтар саласында қандай мәселелер бар екендігі туралы ойлануға мүмкіндік беретін пікір алмасу орын алады. Неге біз оны “цифрлы құқықтар” дейміз және бұл жерде адам құқықтары қайда? Осы сұрақтың бәріне бүгін жауап тауға мүмкіндік болады. Кейде адам құқықтары саласында жұмыс істеу өте қиын болып көрінеді. Әсіресе, біздің аймақтарда. Алайда, тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл тек проблемалар ғана емес, сонымен қатар, мүмкіндіктер кезеңі”, деді Human Constanta ұйымының құқық қорғаушысы Алексей Козлюк.
Алексей Козлюк және Андрей Сушко цифрлы құқықтар саласында шамамен 6 жыл бұрын жұмыс істей бастады. Алдымен олар интернеттегі қауіпсіздік және ақпаратқа қолжетімділік саласында жұмыс істеген, сосын диджиталдағы адам құқықтары саласына көшті.
Тренинг барысында еліміздің түкпір түкпірінен келген отыз белсенді, зерттеушілер, заңгерлер мен журналистер цифрлы құқық дегеніміз не, ғаламтордағы қауіпсіздік және цифрлы мемлекетті қадағалауға болады ма деген сынды сұрақтарға жауап іздейді.